https://sputnik.kz/20220120/almaty-bulik-qaru-video-19181110.html
"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды – видео
"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған 20.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-20T11:43+0500
2022-01-20T11:43+0500
2023-08-09T17:16+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
алматы
видео
қаңтар оқиғасы
қару-жарақ
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142963_0:56:3085:1791_1920x0_80_0_0_ce541fb138a21552eaf48e4cf2e154ab.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қару таратқандар ұсталды. Олар 19-20 жас аралығындағы жас жігіттер, деп хабарлайды Polisia.kz. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басын анықтады."Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.Айта кетері, бүлікшілерге қару таратып жатқан сәт оқиға куәгерлерінің камерасына түсіп қалған. Кейіннен бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады."Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарымен сілкіп тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім", – деді бірінші күдікті.Айтуынша, противогаз киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар қаруды тез алып шығуды бұйырған."Біз мұны қорыққандықтан істедік, бұл адамдар бізге қысым көрсетті. Автомат асынған адамдардан қалай қорықпайсың?, – деп атап өтті екінші күдікті.Олар қаланы көлікпен аралап, қару-жарақ дүкеніне барғанын жеткізді."Ол кезде дүкенді тонап жатты. Біздің көлікке қару тиеп, алаңға алып баруды бұйырды", – деді үшінші күдікті.Полиция бұл топтың үйлестірушісінің жеке басын және ұсталғандардың әрекетінің шынайы себебін анықтауға кірісті. Қылмыстық кодекстің бірден бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142963_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_30216e4820feb7d99fc79a3a6e6d5ef6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, алматы, қару-жарақ
терроризмге қарсы арнайы операция, алматы, қару-жарақ
"Қорыққаннан істедік": Алматыда бүлікшілерге қару таратқандар ұсталды – видео
11:43 20.01.2022 (жаңартылды: 17:16 09.08.2023) Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматыда жаппай тәртіпсіздікке қатысушыларға қару таратқандар ұсталды. Олар 19-20 жас аралығындағы жас жігіттер, деп хабарлайды
Polisia.kz.
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде күдіктілер қару-жарақ дүкенінен қару алып шығып, Республика алаңына жиналғандарға тарата бастаған. Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің жеке басын анықтады.
"Олар қаладағы базарлардың бірінің аумағында ұсталды. Қазіргі уақытта айыпталушылар қамауда отыр. Олардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғына міндетті түрде тексеретін боламыз", – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.
Айта кетері, бүлікшілерге қару таратып жатқан сәт оқиға куәгерлерінің камерасына түсіп қалған. Кейіннен бұл видео әлеуметтік желілер арқылы тарады.
"Біз қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасадық. Бізді осылай жасауға мәжбүр еткен бір топ адам болды. Сосын біз ұрлаған қару-жарақтың жартысын өздеріне алып алды, автоматтарымен сілкіп тұрды. Мен ақ түсті Lexus көлігін жүргіздім", – деді бірінші күдікті.
Айтуынша, противогаз киген, автомат, пышақпен қаруланған адамдар қаруды тез алып шығуды бұйырған.
"Біз мұны қорыққандықтан істедік, бұл адамдар бізге қысым көрсетті. Автомат асынған адамдардан қалай қорықпайсың?, – деп атап өтті екінші күдікті.
Олар қаланы көлікпен аралап, қару-жарақ дүкеніне барғанын жеткізді.
"Ол кезде дүкенді тонап жатты. Біздің көлікке қару тиеп, алаңға алып баруды бұйырды", – деді үшінші күдікті.
Полиция бұл топтың үйлестірушісінің жеке басын және ұсталғандардың әрекетінің шынайы себебін анықтауға кірісті. Қылмыстық кодекстің бірден бірнеше бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.