https://sputnik.kz/20220120/Soltustik-kazakstan-video-19185846.html
Солтүстік Қазақстанда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады - видео
Солтүстік Қазақстанда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады - видео
Sputnik Қазақстан
Егер батыл көршім болмағанда, өзім өрттен шыға алмайтын едім, дейді зейнеткер 20.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-20T18:12+0500
2022-01-20T18:12+0500
2022-02-01T13:05+0500
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17819112_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_fd779c24f16b0591a880221463fa99d2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкері зейнеткерді өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 17 қаңтар күні орын алған түнгі оқиға қайғылы аяқтала жаздады."Егер батыл көршім болмағанда, өзім өрттен шыға алмайтын едім", – дейді зейнеткер.Полицей Рүстем Кәрімнің жас отбасы түннің бір уағында тыстағы шудан оянады.Терезеден жалынды байқаған олар, шатырларының жанып жатқанын бірден түсінеді. Құжаттары мен бағалы заттарын тез жинап, Рүстем мен жұбайы және екі жасар қызы пәтерден жүгіріп шығады.Өртке оранып жатқан үйдің екінші жартысында зейнеткер әжейдің тұрып жатқанын білетін офицер, көмекке асықты. Кіреберіс есік өртке оранғандықтан ішке ене алмай, терезені сындырып кірген ол, қою түтіннің ішінен үй иесін тауып алады. Әжей өз бетімен қозғала алмаған."Мен жалғыз тұрамын, ол уақытта ұйықтап жатқанмын. Рүстем үйге кіріп, мені тауып алды. Оған дейін улы газды жұтып үлгердім, демалуға қиын болды. Рүстем мені жалындап жатқан үйден қауіпсіз жерге алып шықты", – деп алғысын білдірді Валентина Васильевна аудандық полиция бөлімінің және облыстық ПД басшылығына жазған хатында.Жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады, алайда шатырды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір зейнеткер осы ауылдағы ұлдарының үйінде тұрып жатыр."Біз келген кезде көршісі анамызды шығарып алыпты. Оған зор алғысымызды білдіреміз. Өз басын қатерге тіккен", – дейді зардап шеккен зейнеткердің баласы.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/08/0a/17819112_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_ffa64f61d5218b0607074dbf7136c11a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Солтүстік Қазақстанда зейнеткер өз үйінде өртеніп кете жаздады - видео
18:12 20.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Егер батыл көршім болмағанда, өзім өрттен шыға алмайтын едім, дейді зейнеткер
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстанда полиция қызметкері зейнеткерді өрттен аман алып қалды, деп хабарлайды
Polisia.kz. Айыртау ауданының Саумалкөл ауылында 17 қаңтар күні орын алған түнгі оқиға қайғылы аяқтала жаздады.
"Егер батыл көршім болмағанда, өзім өрттен шыға алмайтын едім", – дейді зейнеткер.
Полицей Рүстем Кәрімнің жас отбасы түннің бір уағында тыстағы шудан оянады.
Терезеден жалынды байқаған олар, шатырларының жанып жатқанын бірден түсінеді. Құжаттары мен бағалы заттарын тез жинап, Рүстем мен жұбайы және екі жасар қызы пәтерден жүгіріп шығады.
Өртке оранып жатқан үйдің екінші жартысында зейнеткер әжейдің тұрып жатқанын білетін офицер, көмекке асықты. Кіреберіс есік өртке оранғандықтан ішке ене алмай, терезені сындырып кірген ол, қою түтіннің ішінен үй иесін тауып алады. Әжей өз бетімен қозғала алмаған.
"Мен жалғыз тұрамын, ол уақытта ұйықтап жатқанмын. Рүстем үйге кіріп, мені тауып алды. Оған дейін улы газды жұтып үлгердім, демалуға қиын болды. Рүстем мені жалындап жатқан үйден қауіпсіз жерге алып шықты", – деп алғысын білдірді Валентина Васильевна аудандық полиция бөлімінің және облыстық ПД басшылығына жазған хатында.
Жедел жеткен өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтады, алайда шатырды аман алып қалу мүмкін болмады. Қазір зейнеткер осы ауылдағы ұлдарының үйінде тұрып жатыр.
"Біз келген кезде көршісі анамызды шығарып алыпты. Оған зор алғысымызды білдіреміз. Өз басын қатерге тіккен", – дейді зардап шеккен зейнеткердің баласы.