https://sputnik.kz/20220120/Beyzhin-kurama-forma-19184020.html
Бейжің – 2022: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды
Бейжің – 2022: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Киімді тігу барысында Қытайдың қысқы климаты да ескерілген. Бейжіңде температура кей кезде 20 градустан төмен болады 20.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-20T16:11+0500
2022-01-20T16:11+0500
2023-08-09T16:03+0500
спорт
бейжің
олимпиада ойындары
https://sputnik.kz/img/07e6/01/14/19183601_325:0:3966:2048_1920x0_80_0_0_ffd8d50553dbe4419da6e5195ba65db5.jpg
АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжің ойындарына Қазақстан командасы киіп шығатын форманы таныстырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Мұнда ел атауы алғаш рет "Qazaqstan" деп жазылған.Олимпиада командасына арналған спорт формасын қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарды. Салтанатты сапқа арналған коллекцияны ресейлік дизайнер, SHISHKIN брендінің негізін қалаушы Дмитрий Шишкин дайындаған. "Қазақстан құрамасының олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті. Киімді тігу процесіне атлеттердің өзі қатысты. Олар форманың дизайны, сапасына қатысты өз ұсыныстарын білдірді", - делінген Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан ақпаратта."Бір аптадан соң Қазақстанның олимпиада құрамасы Қытайға ұшады. 4 ақпанда төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада басталады. Токио қарсаңындағы секілді, бұл ойын басталардан бұрын да біз олимпиадалық экипировканы дайындау кезінде спортшылардың ұсыныс-тілегін ескердік. Біз үшін Олимпиада ойындарында спортшыларға осы форманың ыңғайлы, қолайлы болғаны маңызды", - дейді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.Киімді тігу барысында Қытайдың қысқы климаты да ескерілген. Бейжіңде температура кей кезде 20 градустан төмен болады. Сондықтан сыртқы киімге табиғи қаздың жүні салынған, жылуды сақтап, суық өткізбейтін материалдар қолданылған. Киім өте жеңіл және қозғалуға ыңғайлы. Олимпиада ойындарына қатысушылар форманы спорт аренасынан басқа жерде де кие алады, дейді дизайнерлер.Сондай-ақ киімнің түсінде Олимпиада өтетін су жолбарысы жылы да ескерілген. Шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылы аспан көк, қара және ақ түс басымдыққа ие.Айта кетері, қысқы ойындарға арналған форманы таныстыруға жазғы спорт түрлері бойынша олимпиадада бақ сынаған Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов пен Софья Берульцева қатысты.Сондай-ақ фотосессияға дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ақмарал Науатбек, бокстан ерлер командасының капитаныАбылайхан Жүсіпов, гимнаст Аружан Қасенова мен "Барыс" хоккейшісі Самат Данияр қатысқан.Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан Бейжіңде басталып, 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды.
бейжің
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/14/19183601_780:0:3511:2048_1920x0_80_0_0_de7694f20b0b5b0c450bf0d6e0124dec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бейжің, олимпиада ойындары
бейжің, олимпиада ойындары
Бейжің – 2022: Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды
16:11 20.01.2022 (жаңартылды: 16:03 09.08.2023) Киімді тігу барысында Қытайдың қысқы климаты да ескерілген. Бейжіңде температура кей кезде 20 градустан төмен болады
АЛМАТЫ, 20 қаңтар – Sputnik. Ұлттық Олимпиада комитеті 2022 жылы Бейжің ойындарына Қазақстан командасы киіп шығатын форманы таныстырды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
Мұнда ел атауы алғаш рет "Qazaqstan" деп жазылған.
Олимпиада командасына арналған спорт формасын қазақстандық ZIBROO компаниясы шығарды. Салтанатты сапқа арналған коллекцияны ресейлік дизайнер, SHISHKIN брендінің негізін қалаушы Дмитрий Шишкин дайындаған.
"Қазақстан құрамасының олимпиадалық экипировкасын дайындауға бір жылдан аса уақыт кетті. Киімді тігу процесіне атлеттердің өзі қатысты. Олар форманың дизайны, сапасына қатысты өз ұсыныстарын білдірді", - делінген Ұлттық Олимпиада комитеті таратқан ақпаратта.
"Бір аптадан соң Қазақстанның олимпиада құрамасы Қытайға ұшады. 4 ақпанда төртжылдықтың басты додасы – қысқы Олимпиада басталады. Токио қарсаңындағы секілді, бұл ойын басталардан бұрын да біз олимпиадалық экипировканы дайындау кезінде спортшылардың ұсыныс-тілегін ескердік. Біз үшін Олимпиада ойындарында спортшыларға осы форманың ыңғайлы, қолайлы болғаны маңызды", - дейді ҰОК бас хатшысы Андрей Крюков.
Киімді тігу барысында Қытайдың қысқы климаты да ескерілген. Бейжіңде температура кей кезде 20 градустан төмен болады. Сондықтан сыртқы киімге табиғи қаздың жүні салынған, жылуды сақтап, суық өткізбейтін материалдар қолданылған. Киім өте жеңіл және қозғалуға ыңғайлы. Олимпиада ойындарына қатысушылар форманы спорт аренасынан басқа жерде де кие алады, дейді дизайнерлер.
Сондай-ақ киімнің түсінде Олимпиада өтетін су жолбарысы жылы да ескерілген. Шығыс күнтізбесі бойынша 2022 жылы аспан көк, қара және ақ түс басымдыққа ие.
Айта кетері, қысқы ойындарға арналған форманы таныстыруға жазғы спорт түрлері бойынша олимпиадада бақ сынаған Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов пен Софья Берульцева қатысты.
Сондай-ақ фотосессияға дзюдошылар Жансай Смағұлов пен Ақмарал Науатбек, бокстан ерлер командасының капитаны
Абылайхан Жүсіпов, гимнаст Аружан Қасенова мен "Барыс" хоккейшісі Самат Данияр қатысқан.
Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпан Бейжіңде басталып, 20 ақпанға дейін созылады. Қазақстан командасы спорттың сегіз түрінен бақ сынайды.