Өңірлер

Құрт түскен: Алматыда әйелдің ішінен 3,5 келі тартатын ісік табылды

© Photo : "Мой город" / ФСМСПораженная паразитами печень
Пораженная паразитами печень - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Үлкен кистадан бөлек, хирургтар бауырдың төрттен үш бөлігін алып тастауға мәжбүр болды
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар – Sputnik. Алматылық дәрігерлер күрделі операция жасап, әйелдің оң жақ қабырғасының астындағы үлкен ісікті алып тастады. Науқастың бауырының жартысынан көбін кесіп тастауға тура келді, деп хабарлады "Мой ГОРОД" порталы.
50 жастағы әйел ішінің сол жағы ауырлап, формасы өзгергенін байқаған. Содан бірден ауруханаға көрінуге барған.
№7 аурухананың дәрігерлері ультрадыбыстық зерттеу арқылы бауырға жақын орналасқан үлкен ісікті анықтады. Науқас шұғыл операция үстеліне жатқызылды.
Хирургтер күрделі ота жасап, салмағы 3,5 келі тартатын альвеококк кистасын алып тастады. Операция кезінде әйелдің созылмалы вирусты В гепатиті қиындық туғызды. Дегенмен ота сәтті аяқталды.
Науқастың бауырына да паразит түскен. Сол себепті оның 75 процентін кесіп тастауға тура келді. Операция 10 сағатқа созылды. 
Айта кетері, бауырдың альвеококкозы бірден білінбейді. Паразит ағзаға түскеннен бастап аурудың белгілері шыққанға дейін 10 жыл, тіпті одан да көп уақыт өтуі мүмкін. 
Альвеококкоз – бұл паразиттік ауру. Адам ағзасына таспақұрт түскенде бауыр ісіп кетеді, көп жағдайда метастаз өкпе мен миға таралады. Басқа ағзаларға да өтуі мүмкін.
Жаңалықтар
0