Оқиға

Алматы облысында КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысты – видео

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуАрхивное фото большегрузов
Архивное фото большегрузов - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.01.2022
Жазылу
Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды
НҰР-СҰЛТАН, 20 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында екі адамның өмірін қиған жол апаты болды. 
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы пайда болды. Кадрда соққы салдарынан жеңіл көліктің қатты зардап шеккені  байқалады. Видео авторы Mazda Cronos пен КамАЗ-дың соқтығысқанын айтты.
"40 жастағы КамАЗ жүргізушісі Алматы - Көкпекті - Көктал тас жолының 656 шақырымында рөлге ие бола алмай жолдың қарсы жолағына шығып кетті. Салдарынан Mazda Cronos көлігіне соғылды. Соққы салдарынан жеңіл көліктің 45 жастағы жүргізушісі мен 30 жастағы жолаушысы көз жұмды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптама тағайындалды. 
Сотқа дейінгі тергеу амалдары Қылмыстық кодекстің 645-бабы (Бір және одан да көп адамның өліміне алып келген жол ережесін бұзу) бойынша жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында автокөлік аударылып, бір адам көз жұмды
 
 
 
Жаңалықтар
0