Денсаулық

Қазақстанға ревакцинация үшін Спутник Лайт-тың 150 000 дозасы жеткізілді

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуАмпула с однокомпонентной вакциной "Спутник Лайт"
Ампула с однокомпонентной вакциной Спутник Лайт  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Ресейлік COVID-19 вакцинасы "СК-Фармация" бірыңғай дистрибьюторының қоймасына келіп түсті
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар - Sputnik. Қазақстанға ресейлік "Спутник Лайт" вакцинасының 150 000 дозасы жеткізілді.  "Спутник V" вакцинациясынан кейін де Лайтпен ревакцинация жасауға болады.
Эпидемиологиялық жағдайға байланысты "Қарағанды фармацевтикалық кешені" тегін гуманитарлық көмек ретінде денсаулық сақтау министрлігіне "Спутник Лайт" берді.
Вакциналардың осы партиясы жедел түрде өңірлеріне жіберіледі. Алдағы күндері вакцинация жасау үшін қолжетімді болады.
Қазақстан аумағында халықты вакцинациялау үшін мына вакциналар қолданылады: QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax, Соронавак, Sinopharm, Comirnaty Pfizer/BioNTech.
Жаңалықтар
0