Саясат

Nur Otan-ның кезектен тыс съезі 28 қаңтарда өтеді

© Sputnik / Абзал КалиевНур Отан. Штаб. Выборы
Нур Отан. Штаб. Выборы - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Отырыс коронавирус пен шектеу шараларына байланысты онлайн режимінде өтеді
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар — Sputnik. 2022 жылдың 28 қаңтарында Nur Otan партиясының кезектен тыс XXI съезін өткізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлады партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
"Nur Otan" партиясы Саяси кеңесінің қаулысымен 2022 жылдың 28 қаңтаынрда партияның кезектен тыс XXI Съезін өткізу туралы шешім қабылданды. Коронавируске байланысты шектеу шараларын ескере отырып, ол онлайн-форматта өтеді", - деп жазды ол Twitter-де.
​Бұған дейін Nur Otan кезектен тыс съезге дайындықты бастағаны хабарланған болатын. Nur Otan партиясының XIX съезі 2019 жылдың 23 сәуірінде өтті.
Жаңа отырыста партиясының қазіргі төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевты атқаратын қызметінен босатылады деп жоспарланып отыр. Оның орнында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев болады.
Елбасы мұндай шешімді 2021 жылдың қарашасында партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылдады.
Партия төрағасын сайлау және қызметтен босату партия съезінің айрықша құзыретіне жатады.
Nur Otan – Қазақстанның жетекші саяси партиясы. 1999 жылы негізі қаланған. Партияны ұзақ жылдар бойы Нұрсұлтан Назарбаев басқарды.
Жаңалықтар
0