https://sputnik.kz/20220119/koronavirus-jana-shtam-19174858.html
Коронавирустың жаңа штамдары шыға ма – ДДСҰ мәлімдемесі
Коронавирустың жаңа штамдары шыға ма – ДДСҰ мәлімдемесі
Sputnik Қазақстан
Ұйым басшысы коронавирустың жаңа штамдарына қатысты жағдайды үнемі бақылап отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті 19.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-19T15:04+0500
2022-01-19T15:04+0500
2023-08-10T12:11+0500
әлем
коронавирус
мәлімдеме
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861424_227:0:3868:2048_1920x0_80_0_0_fd22f7761944f812909a04b209e0a75c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Омикрон-штамнан кейін коронавирустың жаңа түрлері шығуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның бас директоры Тедрос Адханам Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлады РИА Новости.Ұйым басшысы коронавирустың жаңа штамдарына қатысты жағдайды үнемі бақылап отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Әрбір мутацияны шұғыл зерттеп, қаншалықты қауіпті екенін білген жөн."Омикрон" бұған дейінгі штамдармен салыстырғанда ауыр емес, бірақ оны жеңіл ауру деп айтуға болмайды. Омикрон-штамды жұқтырған адамдар да ауруханаға түсіп, қайтыс болады", - деп атап көрсетті Гебрейесус.Айта кетері, былтыр қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.Бұл штамм бұған дейінгі мутацияларға қарағанда үш-жеті есе жылдам таралады. Ал инкубациялық кезеңі үш-бес күн.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18861424_682:0:3413:2048_1920x0_80_0_0_bbcb79ef967f8fcd43ec8881c70e81a0.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, мәлімдеме
Коронавирустың жаңа штамдары шыға ма – ДДСҰ мәлімдемесі
15:04 19.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Ұйым басшысы коронавирустың жаңа штамдарына қатысты жағдайды үнемі бақылап отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Омикрон-штамнан кейін коронавирустың жаңа түрлері шығуы мүмкін. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның бас директоры Тедрос Адханам Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлады
РИА Новости.
"Бұл пандемия жақын арада аяқталады деп айту қиын. Әлем бойынша "омикрон" өте жылдам таралып жатқан жағдайда коронавирустың жаңа варианттары шығуы мүмкін", - деді Гебрейесус.
Ұйым басшысы коронавирустың жаңа штамдарына қатысты жағдайды үнемі бақылап отырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Әрбір мутацияны шұғыл зерттеп, қаншалықты қауіпті екенін білген жөн.
"Омикрон" бұған дейінгі штамдармен салыстырғанда ауыр емес, бірақ оны жеңіл ауру деп айтуға болмайды. Омикрон-штамды жұқтырған адамдар да ауруханаға түсіп, қайтыс болады", - деп атап көрсетті Гебрейесус.
Айта кетері, былтыр қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.
Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.
Бұл штамм бұған дейінгі мутацияларға қарағанда үш-жеті есе жылдам таралады. Ал инкубациялық кезеңі үш-бес күн.