Өңірлер

Жүкті әйелін өлтірген ер адамның кінәсі дәлелденді – қылмыстың мән-жайы

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Дәрігерлер келгенде отағасы әйелінің ауырып қалғанын, артынан ентігіп, еденге құлағанын жеткізді. Ол алғашқы көмек көрсетуге тырысқан
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Павлодар облысында ауыл тұрғыны жүкті әйелін өлтіріп, полицияға келіншегі жазатайым оқиға кезінде қайтыс болды деп айтқан.
Тергеу материалдарына сәйкес, 2021 жылы сәуір айында Павлодар облысы Успен ауданының полициясына Константиновка дәрігерлік амбулаториясынан хабар түскен. Дәрігерлер ауылдағы бір үйден жүкті әйелдің мәйіті табылғанын айтты. Оқиға орнына бірден полицейлер жеткен. Олар әйелдің жатқан жерін тексергеннен кейін оны өлтіріп кетуі мүмкін деген болжамға келді.
Полиция бөлімі бастығының орынбасары Асқар Аралбаев пен аға тергеуші Мақсат Дүйсембаев осы оқиғаны мұқият зерттеп, куәгерлерден жауап алуға кіріскен. Марқұмның анасы таңертең күйеубаласының "Саған не болды? " деген айқайлағанын естіген. Ол көрші бөлмеден жүгіріп шыққан. Сол кезде қызының еденде жатқанын көрді. Ал күйеубаласы қолымен әйелдің кеудесін басып, дем алдыруға тырысып жатқан.
Дәрігерлер келгенде отағасы әйелінің ауырып қалғанын, артынан ентігіп, еденге құлағанын жеткізді. Ол алғашқы көмек көрсетуге тырысқан. Полицияға да солай айтты.
Ал тергеушілер әйел жатқан бөлменің еденін бұзып көрді. Ағаш тақтайлардың астынан қанның іздері шыққан. Сондай-ақ, құрамында хлор бар заттың ерітіндісі табылды. Барлық айғақтар сараптамаға жіберілді. Соның нәтижесінде үйде болған оқиғаның мән-жайын анықтады.
"Түнде ерлі-зайыптылар арасында қызғаныш негізінде жанжал шыққан. Сол кезде ер адам жүкті әйелін тұншықтырып өлтірген. Одан кейін қылмыс іздерін жасыруға тырысты. Қанның іздерін жуып, еденді тазалап шыққан. Артынан полицияны шатастырамақшы болды", - дейді тәртіп сақшылары.
Тергеушілер адамның кінәсін дәлелдеді. Қылмыстық іс 99-бабының 2-бөлігі ("Жүктi әйелдi өлтіру" )бойынша тергелді. Соттың шешіміне сәйкес, ер адам 20 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ерлі-зайыптылардың тағы екі баласы бар.

Жаңалықтар
0