Білім

Аймағамбетов алматылық мектеп директорларымен маңызды мәселені талқылады

© Sputnik / Владислав ВодневМинистр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович
Министр образования и науки Аймагамбетов Асхат Канатович - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Білім және ғылым министрі 2021 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген №206 мектеп-гимназиясына барды
АЛМАТЫ, 19 қаңтар – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматыға келіп, білім ұйымдарын аралады. Бірқатар жиналыс өткізіп, Қаныш Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің студенттермен кездесті. Бұл туралы министр Facebook парақшасында жазды.
"Барлық білім беру ұйымы тұрақты және штаттық режимде жұмыс істеп тұр", - деп жазды министр.
Аймағамбетов 2021 жылдың желтоқсанында пайдалануға берілген №206 мектеп-гимназиясына барды.
"Бұл мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2025 жылға дейін 1000 мектептің құрылысы аясында салынған нысанның бірі. Жанындағы мектепте қабылдау қорытындысы бойынша 1-сынып оқушылары көп болды, "Ю" сыныбына дейін ашылды. 1800 оқушыға арналған тағы бір мектептің ашылуы оқушы орындарының тапшылығын шешуге көмектесті", - деп жазды Аймағамбетов.
Сондай-ақ министр қала мектептерінің директорларымен кездескенін айтты.
Кездесуде "Алматы мектептері" жобасын іске асыру барысы талқыланған. Оның ішінде жан басына қаржыландыру тетігінің тиімділігін арттыру, сынып жетекшілерінің институтын күшейту мәселелері және ата-аналармен байланысты нығайтуға бағытталған жобалар талқыланған.
Жаңалықтар
0