Видео

Алматылық полицей департаментке жасалған шабуыл туралы айтып берді – видео

Жазылу
Алматы қалалық полиция департаменті Арнайы және жұмылдыру дайындығы басқармасының аға инспекторы Ақтан Зайнолда әріптестерімен бірге департамент ғимараттарының қорғанысын қалай сақтап қалғаны туралы айтып берді, деп хабарлайды Polisia.kz
"5-і күні кешке арнайы жоспар жарияланғаннан кейін біз Алматы Полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарын күзетуге арналған бекеттерімізге тұра бастадық. Біздің міндетіміз – лаңкестердің департамент ғимаратына енуіне және олардың қару-жарақты иеленуіне жол бермеу болды. Өйткені азаматтардың және жалпы елдің қауіпсіздігіне үлкен қауіп төніп тұрды", – деді капитан Зайнолда.
Полиция қызметкерінің мәліметінше, шабуыл жасағандар – әуесқойлар емес, жақсы дайындалған шабуылдаушылар.
"Лаңкестер жақсы дайындалған. Ғимарат 4-5 жақтан шабуылға ұшырады. Оған қоса, департаменттің жанынан көлікпен жүріп, біздің назарымызды басқа жаққа аударды. Содан кейін қылмыскерлер бұл көліктерден оқ жаудырды. Менің орным түні бойы қарулы шабуылға тойтарыс берген үшінші постта болды. Әр полиция қызметкерін жауынгерлік позицияларға бөлдік", - деді Ақтан Зайнолда.
Полицейлердің ешқайсысы қаза тапқан жоқ. Капитан бұл уақытта жеке қауіпсіздігі туралы ойламағанын атап өтті. Азаматтардың қауіпсіздігі маңызды болған.
Оқиға жайлы толығырақ видеодан біле аласыз.
Жаңалықтар
0