Экономика

Утилизациялық алым жинайтын "Оператор РОП" қызметі тоқтатылды

© Sputnik / Абзал КалиевЖолдағы автокөліктер, архивтегі сурет
Жолдағы автокөліктер, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясы мемлекеттік ұйымға берілді
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан үкіметі "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның (Оператор РОП) қызметін тоқтату туралы қаулы қабылдады, деп хабарлайды премьер-министр сайты.  
"ӨКМ Операторы" ЖШС-нің утилизациялық алымды әкімшілендіру және тиісті қаражатты басқару аясындағы қызметі тоқтатылды. Утилизациялық алым қаражаты есебінен құрылған активтер мемлекет меншігіне берілді", - делінген хабарламада.
Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелерін әкімшілендіру функциясын мемлекеттік ұйым – "Жасыл даму" АҚ орындайды.
2021 жылдың соңында утилизациялық алым ставкасы мен көлік бағасына наразы болған қазақстандықтар утилизациялық алымды алып тастау талабымен петицияны іске қосты.
Ал жуырда президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке утилизациялық алым ставкасын қайта қарауды және "Оператор "РОП-тың" қызметін тоқтатуды тапсырды. Президенттің пікірінше, бұл жұмыспен шет мемлекеттердегідей мемлекеттік ұйым айналысуы қажет.
Жаңалықтар
0