Саясат

Тоқаев: Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Үкімет отандық, шетелдік инвесторлардың сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды, деп атап өтті мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Жаңа Қазақстанның мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын арттыру, табыс алшақтығын жою, жұмыс орындарын ашу және инфляцияны тежеу. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Біздің барлық күш-жігеріміз миллиондаған қазақстандықтың қауіпсіздігі мен тұрмыс жағдайының сапасын жақсартуды қамтамасыз етуге бағытталған", - деп жазды Тоқаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ ұлттық экономиканың ашықтығына, келісім-шарттарға қол сұғылмайтынына, зияткерлік меншік құқығы сақталатынына және жемқорлықпен аяусыз күрес жалғаса беретініне кепілдік береді.
"Қазақстан экономикасы орнықтылығын көрсетті. Үкімет отандық, шетелдік инвесторлар мен сауда жөніндегі серіктестеріміздің сенімін арттыру үшін барлық қажетті шараны қабылдайды", - деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін "Самұрық-Қазына" мен үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет деп есептейтінін мәлімдеген болатын. Президент мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет деген пікірде. 
Оқи отырыңыз: Тоқаев халықтың табысын арттыру үшін не істеу қажеттігін айтты
Жаңалықтар
0