https://sputnik.kz/20220119/Qazaqstan-Bashqurtstan-tauar-aynalymy-19177177.html
Қазақстан мен Башқұртстан тауар айналымын арттырып жатыр
Қазақстан мен Башқұртстан тауар айналымын арттырып жатыр
Sputnik Қазақстан
Өткен жылдың 11 айында Қазақстаннан Башқұртстанға экспорт мұнай өнімдерін қосқанда 1,5 есеге өсті 19.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-19T21:25+0500
2022-01-19T21:25+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/old/846/46/8464608_0:130:3183:1920_1920x0_80_0_0_b49a79778194d748c9928018d7840853.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Оған Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қарашасында 336,7 миллион долларға жеткен (өсім 30,3%). Бұл ретте Қазақстаннан Башқұртстанға экспорт 47,6%-ке өсті. Башқұртстаннан импортталған тауардың көлемі 27,2% өсті.Башқұртстанға экспорттың өсуіне мұнайдың 58,7%-ке, мұнай өнімдерінің 2,7 есе және азық-түлік тауарлары (нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 2,2 есе, күріш - 2,4 есе) жеткізілімдерінің артуы ықпал еткен.Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстан пропилен полимерлерін, жылжымалы құрамның бөліктерін жеткізе бастады.Оқи отырыңыз: Тоқаев Башқұртстан басшысы Радий Хабировты қабылдады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/846/46/8464608_227:0:2958:2048_1920x0_80_0_0_3083e7942edcf5d665a3107e9f046c45.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Қазақстан мен Башқұртстан тауар айналымын арттырып жатыр
21:25 19.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Өткен жылдың 11 айында Қазақстаннан Башқұртстанға экспорт мұнай өнімдерін қосқанда 1,5 есеге өсті
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстан мен Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Оған Қазақстанның сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев қатысты, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Қайрат Төребаевтың айтуынша, Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы тауар айналымы 2021 жылдың қаңтар-қарашасында 336,7 миллион долларға жеткен (өсім 30,3%). Бұл ретте Қазақстаннан Башқұртстанға экспорт 47,6%-ке өсті. Башқұртстаннан импортталған тауардың көлемі 27,2% өсті.
Башқұртстанға экспорттың өсуіне мұнайдың 58,7%-ке, мұнай өнімдерінің 2,7 есе және азық-түлік тауарлары (нан және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 2,2 есе, күріш - 2,4 есе) жеткізілімдерінің артуы ықпал еткен.
Сондай-ақ осы кезеңде Қазақстан пропилен полимерлерін, жылжымалы құрамның бөліктерін жеткізе бастады.