Қоғам

Полиция көлік пен құжат тексеруді жалғастыра береді

© Sputnik / Тимур БатыршинПолицейское авто
Полицейское авто - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдай режимі алынған өңірлерде "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр.
"19 қаңтардан бастап жедел-профилактикалық іс-шарасы төтенше жағдай аяқталған Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында, сондай-ақ Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында жүргізіледі. Аймақтағы ахуалды жақсарту, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау осы іс-шараның негізгі мақсаты болып отыр", - делінген хабарламада.
Полиция қызметкерлері құжат және машинаны тексеруді жалғастыра береді. Сонымен қатар жалдамалы пәтер мен қонақ үйлер, саяжай алқабы мен бос қалған үйлерді тінту жүргізіледі.
Полиция көлікке техникалық қызмет көрсету орындарын, фермерлік шаруашылықтар мен шалғайда орналасқан қыстауларды тексереді.
Сондай-ақ құқық қорғау органдары халықтан қару-жарақ пен оқ-дәрі тәркілеуді де жалғастырады.
Ішкі істер министрлігі азаматтарды жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге түсіністікпен қарауға және полиция қызметкерлерінің талабы бойынша құжаттарды көрсетуге шақырады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0