Бейжің Олимпиадаға қалай дайындалып жатыр – фото
16:05 19.01.2022 (жаңартылды: 13:11 02.02.2022)
Бейжіңдегі ұлттық стадионда қысқы Олимпиада алауы жағылатын сәтке санаулы күн қалды
Бейжіңдегі қысқы Олимпиада қатаң шектеулер талабымен өткізіліп жатқан екінші ойындар болып отыр. Мұндай шектеу аясында өткен жылдың жазында Токиода жазғы Олимпиада өткен болатын. Олимпиада нысандарында дайындық жұмыстары қалай жүріп жатқанын суреттер топтамасынан көріңіз.
Барлық нысан шығуға шектеу қойылған оқшауланған аумақта орналасқан. Дүбірлі додаға қатысушылар мен қызметкерлердің сыртқы әлеммен байланысын азайтуға жаңа технологиялар үлкен үлес қосып отыр.
Мысалы, негізгі баспасөз орталығындағы асханада даяшы немесе аспаз жоқ: мұнда ас салынған ыдысты жоғарыдан робот жеткізсе, бургерді дайындау міндеті де роботтарға жүктелген.
Қысқы Олимпиада ойындары Бейжіңде 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді. Бейжіңдегі Олимпиада нысандары үш кластерге бөлінген: Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу (Хэбэй провинциясы).
Олимпиада ойындарына 4 мыңға жуық атлет қатысады. Спортшылар 15 спорт түрінен барлығы 109 медаль жинағы үшін тартысқа түседі.
Бобслей, шорт-трек, фристайл, трамплиннен шаңғымен және сноубордпен секіру бойынша жаңа жарыс түрі ойын бағдарламасына енгізілген.
© REUTERS / Fabrizio BenschБейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығы жанында жүрген волонтерлер.

Бейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығы жанында жүрген волонтерлер.
© REUTERS / Fabrizio BenschБАҚ өкілдері Бейжіңдегі Бас баспасөз орталығындағы асханада роботтандырылған ас машинасының көмегімен түскі ас алып жатыр.

БАҚ өкілдері Бейжіңдегі Бас баспасөз орталығындағы асханада роботтандырылған ас машинасының көмегімен түскі ас алып жатыр.
© REUTERS / Fabrizio BenschБейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығы жанында жүрген волонтерлер.

Бейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығы жанында жүрген волонтерлер.
© REUTERS / Thomas PeterЕр адам 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының медальдерін суретке түсіріп жүр.

Ер адам 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарының медальдерін суретке түсіріп жүр.
© REUTERS / Thomas PeterӘйел адам Бейжіңдегі музейге қойылған алдыңғы Олимпиада ойындарындағы қытай спортшыларының киімдерін тамашалап тұр.

Әйел адам Бейжіңдегі музейге қойылған алдыңғы Олимпиада ойындарындағы қытай спортшыларының киімдерін тамашалап тұр.
© REUTERS / Fabrizio BenschБАҚ өкілдері Бейжіңдегі Бас баспасөз орталығындағы асханада роботтандырылған ас машинасының көмегімен түскі ас алып жатыр.

БАҚ өкілдері Бейжіңдегі Бас баспасөз орталығындағы асханада роботтандырылған ас машинасының көмегімен түскі ас алып жатыр.
© REUTERS / Fabrizio BenschБейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күн қалған шақта Бас баспасөз орталығындағы тамақтану залында роботтандырылған машина бургер әзірлеп жатыр.

Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына санаулы күн қалған шақта Бас баспасөз орталығындағы тамақтану залында роботтандырылған машина бургер әзірлеп жатыр.
© REUTERS / Pawel KopczynskiЭлектромобиль мінген жұмысшы Бейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығында еден жуып жүр.

Электромобиль мінген жұмысшы Бейжің қысқы Олимпиада ойындары қарсаңында Бас баспасөз орталығында еден жуып жүр.
© AFP 2022 / Noel CelisЕр адам 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының алауын суретке түсіріп тұр.

9/15
© AFP 2022 / Noel Celis
Ер адам 2022 жылы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиада және Паралимпиада ойындарының алауын суретке түсіріп тұр.
© REUTERS / Fabrizio BenschҚорғаныш костюм киген жұмысшы Бас баспасөз орталығында қажетті жабдықтарды тасып жүр.

Қорғаныш костюм киген жұмысшы Бас баспасөз орталығында қажетті жабдықтарды тасып жүр.
© REUTERS / Thomas PeterӘйел адам Бейжіңдегі музейде экспонаттарды тамашалап тұр.

Әйел адам Бейжіңдегі музейде экспонаттарды тамашалап тұр.
© REUTERS / Fabrizio BenschДәмхана қызметкері Бас баспасөз орталығындағы тамақтану залында ас таратып жүр.

Дәмхана қызметкері Бас баспасөз орталығындағы тамақтану залында ас таратып жүр.
© REUTERS / Fabrizio BenschБас баспасөз орталығының жанындағы Олимпиада мұнарасы.

Бас баспасөз орталығының жанындағы Олимпиада мұнарасы.
© REUTERS / Fabrizio BenschБас баспасөз орталығында қызметкер картоп қытырлағы мен сиыр етінен гамбургер дайындайтын роботтандырылған ас машинасының жанынан өтіп барады.

Бас баспасөз орталығында қызметкер картоп қытырлағы мен сиыр етінен гамбургер дайындайтын роботтандырылған ас машинасының жанынан өтіп барады.
© REUTERS / Thomas PeterЖұмысшы Олимпиада павильондарының бірінде маңдайша жазуды реттеп жатыр.

Жұмысшы Олимпиада павильондарының бірінде маңдайша жазуды реттеп жатыр.