Қоғам

"Назарбаевты теріс қаратып қойған": Ұлттық музейдегі ескерткіштің фотосы тарады

© Sputnik / Абзал КалиевНур-Султан, виды города
Нур-Султан, виды города  - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Ұлттық музей әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Әлеуметтік желіде Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрышқа қарап отырған ескерткішінің фотосы тарап кетті. Ұлттық музей бұл сурет 2-3 жыл бұрын түсірілген болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Арыстанбек Мұхамедиұлы Нұрсұлтан Назарбаевты орнынан алып, бірдеңе бүлдірген бала құсатып (теріс қаратып) бұрышқа тұрғызып (дұрысы отырғызып) қойыпты", - деп жазды фотоны жариялаған Серік Абас-шах.
Суретте Қазақстанның тұңғыш президенті – Елбасының ескерткіші тұрған жерге Күлтегіннің көшірмесін қондырған. Ал  Назарбаевты бұрышқа қаратып қойған.
Ұлттық музей желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ⚜️ ҚР ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙІ (@nationalmuseumkz)

"Құрметті БАҚ өкілдері! Әлеуметтік желіде Серік Абас-Шахтың таратқан мәлімдемесі шындыққа жанаспайды.  Өздеріңіз көріп тұрғандай ескерткіш орнында. Ал таралып кеткен фото 2018 жылы Ұлттық музейге ескерткішті қою кезінде түсірілген болуы мүмкін. Ресми ақпаратты Ұлттық музейдің ресми парақшаларынан біле аласыздар. Шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратудан сақ болайық! ", - деп жазды музейдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай.
Жаңалықтар
0