Өңірлер

Бірнеше рет сотталған: Алматыда қару-жарақ дүкенін тонауға қатысқан бүлікші ұсталды

© Photo : Pixabay / 4711018Наручники
Наручники - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2022
Жазылу
Оны криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады
НҰР-СҰЛТАН, 19 қаңтар – Sputnik. Алматыда қару-жарақ ұрлауға қатысқан ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Анықталғандай, бұрын ол төрт рет, оның ішінде адам ұрлағаны үшін де сотталған. 38 жастағы Т.есімді ер адам жаппай тәртіпсіздіктерге және қару-жарақ дүкендерін тонауға белсене қатысқан.
© Photo : Ішкі істер министрлігінің сайтыҚару-жарақ дүкенінен ұрланған заттар.
Алматыда рецидивист ұрланған қарумен ұсталды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Қару-жарақ дүкенінен ұрланған заттар.
Оны криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Геологтар көшесіндегі үйлердің бірінде ұстады.
Тінту кезінде күдіктіден бір мылтық және екі тегіс ұңғылы мылтық, патрондар, оптикалық көздеуіштер тәркіленді.
Естеріңізге сала кетейік, полиция қызметкерлері азаматтарды заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырады.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0