https://sputnik.kz/20220118/tartipsizdik-qaru-video-19170495.html
ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды – видео
ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды – видео
Sputnik Қазақстан
Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланған 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T20:43+0500
2022-01-18T20:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142846_0:87:3333:1962_1920x0_80_0_0_6fe7b54b14a576dffc8656167df956b9.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялады. Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады, деп хабарлады Polisia.kz."Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - дейді министрлік мамандары.Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 287-бабы – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ӘҚБтК 482-бабы – 25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделген."Жазатайым оқиғалардың және жарақаттың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен, оқ-дәрілермен қандай да бір әрекеттер жасамауды, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияға 102 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0e/19142846_301:0:3032:2048_1920x0_80_0_0_78176052d25e6f9c193dc2e22059500c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ІІМ тәртіпсіздік кезінде ұрланған қаруды өз еркімен тапсыруға шақырды – видео
20:43 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер ұрланған
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ішкі істер министрлігі заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру туралы үндеу жариялады.
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады, деп хабарлады
Polisia.kz."Заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдардың іс-әрекеттерінде өзге қылмыстар құрамы болмаса, олар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады", - дейді министрлік мамандары.
Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.
Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 287-бабы – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ӘҚБтК 482-бабы – 25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделген.
"Жазатайым оқиғалардың және жарақаттың алдын алу мақсатында табылған жарылғыш материалдармен, оқ-дәрілермен қандай да бір әрекеттер жасамауды, оларды тасымалдауға тырыспауды, бұл туралы полицияға 102 немесе 112 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.