https://sputnik.kz/20220118/shetel-turister-oralady-19164216.html
Шетелде қалып қойған туристер 19 қаңтарға дейін елге оралады
Шетелде қалып қойған туристер 19 қаңтарға дейін елге оралады
Sputnik Қазақстан
Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T11:35+0500
2022-01-18T11:35+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_83:0:2183:1181_1920x0_80_0_0_02e8d13c241a269e5bf72ba777800f48.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Барлық қазақстандық турист 19 қаңтарға дейін елге оралады. Мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады.Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, 6-17 қаңтар аралығында шамамен 90 тұрақты және 30 чартерлік әуе рейсі арқылы 7 361 турист Қазақстанға қайтарылды. 17 қаңтардағы мәлімет бойынша, рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады деп жоспарланған.Сонымен қатар, шетелдегі барлық туриске рейстердің уақыты өзгергені туралы хабарланды. Қазақстан консулдығының қолдауымен туристік операторлар туристердің шетелдегі қонақүйлерде жайғасуын өз қаражаты есебінен ұйымдастырып отыр.Қазақстанға жеткен туристер үшін тасымалдау мен орналастыру ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар "Туристік Қамқор" КҚ күштерімен жүргізіліп жатыр.Еске салсақ, 6 қаңтарда "Туристік Қамқор" КҚ шамамен 7,5 мың қазақстандық турист шетелде жүргенін хабарлады. Қор мәліметі бойынша, 10 қаңтарда олардың саны 4 мыңды құрады. Сондай-ақ, 14 қаңтарға дейін шетелде қаып қойған барлық турист Қазақстанға қайтарылатынын хабарлаған болатын.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/983/68/9836877_526:0:2101:1181_1920x0_80_0_0_46e1977dbc312939ab27632d5b6919ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Шетелде қалып қойған туристер 19 қаңтарға дейін елге оралады
11:35 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Барлық қазақстандық турист 19 қаңтарға дейін елге оралады. Мәдениет және спорт министрлігі осындай мәлімдеме жасады.
Ведомствоның баспасөз қызметі ұсынған мәлімет бойынша, 6-17 қаңтар аралығында шамамен 90 тұрақты және 30 чартерлік әуе рейсі арқылы 7 361 турист Қазақстанға қайтарылды. 17 қаңтардағы мәлімет бойынша, рейстердің кешігуіне байланысты 275 турист, оның ішінде Тайландтан – 192, Шри-Ланкадан – 25, Мальдивтен – 34 және Гоадан – 24 турист елге оралады деп жоспарланған.
"Барлық турист 2022 жылдың 19 қаңтарына дейін Қазақстанға оралатынын хабарлаймыз", - деді министрлікте.
Сонымен қатар, шетелдегі барлық туриске рейстердің уақыты өзгергені туралы хабарланды. Қазақстан консулдығының қолдауымен туристік операторлар туристердің шетелдегі қонақүйлерде жайғасуын өз қаражаты есебінен ұйымдастырып отыр.
Қазақстанға жеткен туристер үшін тасымалдау мен орналастыру ұйымдастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар "Туристік Қамқор" КҚ күштерімен жүргізіліп жатыр.
Еске салсақ, 6 қаңтарда "Туристік Қамқор" КҚ шамамен 7,5 мың қазақстандық турист шетелде жүргенін хабарлады. Қор мәліметі бойынша, 10 қаңтарда олардың саны 4 мыңды құрады. Сондай-ақ, 14 қаңтарға дейін шетелде қаып қойған барлық турист Қазақстанға қайтарылатынын хабарлаған болатын.