Елорда тынысы

Нұр-Сұлтан әуежайында пышақ алып жүрген екі адам ұсталды – ҰҚК

Аэропорт Нур-Султана, досмотр багажа - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Елорда әуежайында Ресейге ұшпақ болған Қазақстанның екі азаматы ұсталды, деп хабарлады Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
"16 қаңтарда "Нұр-Сұлтан" шекаралық бақылау басқармасының әскери қызметшілері мінез-құлық белгілері бойынша Ресей Федерациясына кетпек болған Қазақстанның 2 азаматын ұстады. Олардың жүгі мен қол жүгін тексеру барысында суық қарулар – пышақтар, кастеттер мен кісендер табылды", - делінген хабарламада.
Сотрудники аэропорта задержали владельцев холодного оружия - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.02.2022
Әуежай қызметкерлері суық қару иелерін ұстады
Тексеру барысында олардың ұялы телефондарынан Алматы қаласындағы митингілерге, демонстрациялық әрекеттер мен бұзақылықтарға қатысқандығын растайтын бейнежазбалар табылды.
Ұсталғандар полицияның желілік бөлімінің қызметкерлеріне берілді.

Қазақстандағы бүлік

2022 жылдың басында елдің батысында жаппай нарызылық басталды. Оған автокөлікке құятын газдың 120 теңгеге дейін қымбаттауы себеп болған. Жаңаөзен мен Ақтау қаласының тұрғындары бағаны 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етті. Арнайы құрылған үкіметтік комиссия белсенділермен келіссөз жүргізіп, бұл талап орындалатынын мәлімдеді.
Артынша басқа қалалардың халқы да наразылық шеруіне шыға бастады.
Ал Алматыда наразылық соңы лаңкестік әрекетке ұласты. Көшеге шыққандар полиция көліктерін қиратып, әкімшілік ғимараттарды өртеп жіберді. Алматы полиция департаментінің ғимаратына шабуыл жасады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматы қаласы мен 9 облыс орталығы шабуылдаушылардың қолында болған. Содырлар тіпті Ақорданы да басып алуды жоспарлаған. Алайда елордаға үш әскери көлік ұшағының келгенін естіп, бұл жоспарынан бас тартқан.
Осы оқиғалардан кейін президент ҰҚШҰ-дан көмек сұрады. Осылайша Қазақстанға 2 мыңнан аса ҰҚШҰ күштері мен 250 техника кіргізілді. Олар стратегиялық маңызды объектілерді күзетуге кірісті.
Кейінірек Тоқаев Қазақстанда билікті басып алуға дайындық жүргізілгенін мәлімдеді. Шабуылдаушылар халықтың автогаз бағасына деген наразылығын желеу еткен.
Ел билігі бүкіл республикада 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жариялап, терроризмге қарсы операция бастады.
Алматыдағы тәртіпсіздіктерден кейінгі шығын 112 миллиард теңгеден асады деп есептеліп отыр.
Оның ішінде бизнес орындарына келген шығын – 67 миллиард теңге. Қазір шағын және орта бизнеске – 42 миллиард теңге, ірі бизнеске келген шығын 25 миллиард теңге деп бағаланған. Қалада тәртіпсіздіктер кезінде 1 259 науқас медициналық көмекке жүгінді, қазір стационарларда 110 науқас жатыр.
Алматыда бүлікшілер 1 600-ден астам сауда нысанын тонап, 356 көлікке зақым келтірген. Қалада күш құрылымдарының 1 097 қызметкері зардап шекті. Медициналық мекемеде 5 адам жатыр, ішінде екеуі ауыр хәлде. 9 қызметкер қаза тапты.
Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерден кейін ауыр және аса ауыр қылмыстар бойынша 695 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. 1 002 адам қамақта отыр.
Жаңалықтар
0