Өңірлер

Облыс әкімінің орынбасары қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Ол былтыр жаздан бастап ЖШС құрылтайшысы және басшысы болды. Бұл мемлекеттік қызмет талабына сәйкес келмейді
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Батыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен оның орынбасары Аманжол Алпысбаев қызметінен босатылды. Өткен жылы жүргізілген тексеру ол облыс әкімінің орынбасары бола тұра, 2021 жылдың 14 маусымындағы жағдай бойынша "Самұрық Гидро" ЖШС құрылтайшысы және басшысы болған.
Заң бойынша мемлекеттік қызметке кіріскен кезде ол ЖШС-ны сенімгерлік басқаруға беруге тиіс еді, деп хабарлайды "Мой город" өңірлік басылымы.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департаменті облыс әкімдігіне әкім орынбасарының өкілеттігін тоқтату туралы ұсыныс жіберді. Аманжол Алпысбаевтың өзі мұнымен келіспей, төрт рет сотқа шағымданды. Барлық жағдайда сот шешімі оның пайдасына шығарылмады. Кассациялық сот та шағымды қабылдамады.
Облыс әкімінің орынбасары лауазымында Аманжол Алпысбаев 2019 жылдың шілде айынан бастап қызмет атқарды.
Ол сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы стратегиялық жоспарлау мәселелерімен, сондай-ақ тарифтік саясат, мемлекеттік-жеке-меншік әріптестікті дамыту, мемлекеттік сатып алу, табиғатты пайдалану, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін қорғау мәселелерімен айналысқан.
Жаңалықтар
0