https://sputnik.kz/20220118/koz-jumgan-sarbazdar-19165184.html
Тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді
Тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді
Sputnik Қазақстан
Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T13:43+0500
2022-01-18T13:43+0500
2022-02-01T13:05+0500
терроризмге қарсы арнайы операция
өңірлер
тәртіпсіздік
сарбаздар
отбасы
миллион теңге
https://sputnik.kz/img/07e6/01/12/19164739_0:63:1024:643_1920x0_80_0_0_bb124db911abdaf322c0057cae77491d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздарының туыстарына наградалар табысталды. Олар Талдықорған мен Қызылордада тәртіпті қалпына келтіру кезінде көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Марапатты марқұмдардың туыстарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.Жиынға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлібек Сералиев пен "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сәкентай Шекарбеков қатысты. Олар өжет ұлды тәрбиелегені үшін қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына алғыс білдірді."Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкерлері атынан Әлібек Сералиев мерт болған сарбаздардың туыстарына 7 миллион теңгеден қаражат табыстады.Айта кетері, көз жұмған Айбат Аманов 2003 жылы Атасу аулында дүниеге келген, ол Талдықорғандағы 5514 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.Ал Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағандыда туған және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында, Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінде қызмет еткен.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/12/19164739_0:31:1024:675_1920x0_80_0_0_cc24996b46bafa94f387899b04c8844d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
терроризмге қарсы арнайы операция, тәртіпсіздік, сарбаздар, отбасы, миллион теңге
терроризмге қарсы арнайы операция, тәртіпсіздік, сарбаздар, отбасы, миллион теңге
Тәртіпсіздік кезінде көз жұмған сарбаздардың отбасына 7 млн теңгеден берілді
13:43 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Қарағандыда қаза тапқан Ұлттық ұлан сарбаздарының туыстарына наградалар табысталды. Олар Талдықорған мен Қызылордада тәртіпті қалпына келтіру кезінде көз жұмды, деп хабарлады Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.
Президент жарлығымен Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров қайтыс болғаннан кейін ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды. Марапатты марқұмдардың туыстарына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек табыс етті.
Жиынға Ұлттық ұлан бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Әлібек Сералиев пен "Орталық" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Сәкентай Шекарбеков қатысты. Олар өжет ұлды тәрбиелегені үшін қаза болған жауынгерлердің ата-аналарына алғыс білдірді.
"Орталық" өңірлік қолбасшылығы әскери қызметкерлері атынан Әлібек Сералиев мерт болған сарбаздардың туыстарына 7 миллион теңгеден қаражат табыстады.
Айта кетері, көз жұмған Айбат Аманов 2003 жылы Атасу аулында дүниеге келген, ол Талдықорғандағы 5514 әскери бөлімінде әскери борышын өтеген.
Ал Мадияр Қайсаров 2002 жылы Қарағандыда туған және "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығында, Қызылордадағы 5547 әскери бөлімінде қызмет еткен.