https://sputnik.kz/20220118/boryshker-tyyym-salynady-19164242.html
Қазақстанда борышкерді баспанасынан шығаруға уақытша тыйым салынады
Қазақстанда борышкерді баспанасынан шығаруға уақытша тыйым салынады
Sputnik Қазақстан
Тармақтардың бірі халық пен кәсіпкерлікті қолдау шараларын қамтиды 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T11:37+0500
2022-01-18T11:37+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
борышкерлер
баспана
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18860470_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_f495ae3deba6bf7662604a78c16f4e57.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жоспарды ұсынды. Онда түрлі бағыт бойынша 51 тармақ енгізілген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Тармақтардың бірі халық пен кәсіпкерлікті қолдау шараларын қамтиды. Атап айтқанда, салықтық және кедендік тексерістерді 2022 жылдың 1 ақпанына дейін уақытша тоқтату және кейінге шегеру, утилизациялық алым ставкаларын қайта қарастыру. Жоспардағы тағы бір тармақ борышкерлерді үйінен шығаруға қатысты. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды қалпына келтіру бағыты бойынша жоспарда 11 іс-шара қарастырылған. Олар күш құрылымы қызметкерлерінің рухын көтеру, жауынгерлік дайындықты арттыру, бүлінген нысандарды қалпына келтіруді қамтиды. Үкімет бүгін аталған жоспарды мақұлдады.Оқи отырыңыз: Қазақстан аумағына кейбір көліктердің кіруіне тыйым салынуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18860470_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_f44a944a6a7bde0771b64f1450b98efb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
борышкерлер, баспана
Қазақстанда борышкерді баспанасынан шығаруға уақытша тыйым салынады
11:37 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Тармақтардың бірі халық пен кәсіпкерлікті қолдау шараларын қамтиды
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі жоспарды ұсынды. Онда түрлі бағыт бойынша 51 тармақ енгізілген, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тармақтардың бірі халық пен кәсіпкерлікті қолдау шараларын қамтиды. Атап айтқанда, салықтық және кедендік тексерістерді 2022 жылдың 1 ақпанына дейін уақытша тоқтату және кейінге шегеру, утилизациялық алым ставкаларын қайта қарастыру.
Жоспардағы тағы бір тармақ борышкерлерді үйінен шығаруға қатысты.
"2022 жылдың 20 сәуіріне дейін үйінен шығару, көшіру және ғимараттарды сүрумен байланысты атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізуге уақытша тыйым енгізіледі", - деді Әлібек Қуантыров.
Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды қалпына келтіру бағыты бойынша жоспарда 11 іс-шара қарастырылған. Олар күш құрылымы қызметкерлерінің рухын көтеру, жауынгерлік дайындықты арттыру, бүлінген нысандарды қалпына келтіруді қамтиды.
Үкімет бүгін аталған жоспарды мақұлдады.