Экономика

"Бәйтерек" холдингі 100 млрд теңге бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланған

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги, купюры, иллюстративное фото
Тенге, деньги, купюры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Есеп комитеті үкіметке холдинг қызметінің тиімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Есеп комитеті 2020 жылдың наурызында республикалық бюджет қаражатын және "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ның квазимемлекеттік сектор активтерін пайдалану тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді, деп хабарлады есеп комитетінің баспасөз қызметі.
"Осы аудит барысында жалпы сомасы 98 961,2 миллион теңгеге бюджет қаражатын және мемлекет активтерін тиімсіз пайдалану түріндегі бұзушылықтар мен кемшіліктер анықталды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерімен салыстырғанда холдингтің еншілес ұйымдарының функциялары мен міндеттерінің қайталануы анықталды", - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Осыған байланысты Қазақстан үкіметіне холдинг қызметінің тиімділігін арттыру, бөлінетін бюджет қаражатын және Қазақстан Ұлттық қоры қаражатын пайдалануды бақылау, оларды пайдалану бойынша шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау ұсынылды.
Есеп комитетінің хабарлауынша, холдингтің еншілес ұйымдарының санын қысқарту мақсатында "QazTech Ventures" АҚ және "Kazakhstan Project Preparation Fund" ЖШС активтері жеке қорлар ретінде "Қазына капитал менеджмент" АҚ-ға басқаруға берілді.
"Мемлекеттік мүлік тізімі" сайты арқылы бағаны көтеру тәсілімен өткізілген электрондық сауда қорытындысы бойынша "Қазақстан инвестиция қоры" АҚ акцияларының 100%-ін жеке инвестор сатып алды.
Жаңалықтар
0