Өңірлер

Павлодарда мас жүргізуші ескерткішті қиратты

© Photo : Асаин БайхановПамятник соледобытчикам в Павлодаре
Памятник соледобытчикам в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.01.2022
Жазылу
Оқиғаға кінәлі адам анықталды, көлік айып тұрағына қойылды. Жақын арада коммуналдық қызметтер ескерткішті қалпына келтіреді
ПАВЛОДАР, 18 қаңтар – Sputnik. Павлодарлық полицейлер тұз өндірушілерге орнатылған ескерткішті қиратқан адамды анықтады, деп хабарлады Павлодар әкімі Асаин Байханов Instagram парақшасында.
"Өткен түнде қалада өзен вокзалының жанындағы тұз өндірушілерге арналып орнатылған ескерткіштің бүлінгені анықталды. Қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері ескерткішке тексеру жүргізіп, оқиға орнына полиция басқармасының қызметкерлері шақырылды", - деп жазды қала басшысы.
Тексеріс барысында керамикалық плиталардың сынғаны және ескерткіш жанындағы аумақтың бүлінгені анықталды.
Әкім жақын арада коммуналдық қызметтер ескерткішті қалпына келтіретінін атап өтті.
"Аталған учаскеде жол апаты болғаны анықталды. Мас жүргізушісі көлік рөліне ие бола алмай, ескерткішке келіп соғылған", - деп түйіндеді Асаин Байханов.
Қазіргі уақытта жол апатына кінәлі тұлға анықталып, көлік айып тұрағына қойылды.
Оқи отырыңыз: Форт-Шевченко әкімі 15 тәулікке қамауға алынады – видео 
Жаңалықтар
0