https://sputnik.kz/20220118/Munay-bagasy-kymbattady-19164058.html
Мұнай бағасы 8 жылдан бері алғаш рет қымбаттады
Мұнай бағасы 8 жылдан бері алғаш рет қымбаттады
Sputnik Қазақстан
ОПЕК+ ақпанда мұнай өндіру көлемін 400 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T11:08+0500
2022-01-18T11:08+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
мұнай бағасы
қымбаттау
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_0:107:3149:1878_1920x0_80_0_0_9c264e09907a3ce1e2080b0bc877709b.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Brent мұнайының бағасы 2017 жылдың қазанынан бері алғаш рет 87 доллардан қымбаттады, деп жазды РИА Новости.Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 87 долларға жетті.Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:41-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,84%-ке қымбаттап, 87,31 доллардан сатылды. Бұл ретте WTI маркалы мұнай бағасы 1,3%-ке өсіп, 84,38 долларды құрады.ОПЕК+ өткен жылдың мамырынан бері коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартты. 2021 жылдың тамызынан бастап альянс өндіруді ай сайын тәулігіне 400 000 баррельге арттырып отыр. Ақпанда ОПЕК+ өндіруді тәулігіне тағы 400 000 баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Ұйымның келесі отырысы 2 ақпанда өтеді. Ол басқосуда альянс наурыздағы өндіру параметрлерін анықтайды.7 қаңтарға дейінгі аптада АҚШ-тың коммерциялық қоры 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі деңгейге түсіп, көрсеткіш 4,6 миллион баррельге азайып, 413,3 миллион баррельге жетті.Brent – Солтүстік теңізде өндірілетін мұнайдың эталонды маркасы (маркерлі сұрып) болып саналатынын айта кету керек. 2007 жылдан бастап ол Норвегия мен Ұлыбритания жағалаулары арасындағы Brent, Forties, Oseberg және Ekofisk кен орындарында өндірілген мұнайдың бірнеше сұрыптарының қоспасы болып келеді.Ол халықаралық мұнай биржаларында, атап айтқанда ICE биржасында сатылатын мұнайдың негізгі маркаларының бірі.Оқи отырыңыз: Жаңа штамм мұнай бағасына әсер етті
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/03/18035552_418:0:3149:2048_1920x0_80_0_0_dfc7e20e90e7e4d2ab91a8524dd96766.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұнай бағасы, қымбаттау
Мұнай бағасы 8 жылдан бері алғаш рет қымбаттады
11:08 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) ОПЕК+ ақпанда мұнай өндіру көлемін 400 мың баррельге арттыру туралы шешім қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар — Sputnik. Brent мұнайының бағасы 2017 жылдың қазанынан бері алғаш рет 87 доллардан қымбаттады, деп жазды РИА Новости.
Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың наурыз фьючерстерінің бағасы бір баррель үшін 87 долларға жетті.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 09:41-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың бір баррелі 0,84%-ке қымбаттап, 87,31 доллардан сатылды. Бұл ретте WTI маркалы мұнай бағасы 1,3%-ке өсіп, 84,38 долларды құрады.
ОПЕК+ өткен жылдың мамырынан бері коронавирус пандемиясы салдарынан мұнайға деген сұраныстың төмендеуіне байланысты өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельге қысқартты. 2021 жылдың тамызынан бастап альянс өндіруді ай сайын тәулігіне 400 000 баррельге арттырып отыр. Ақпанда ОПЕК+ өндіруді тәулігіне тағы 400 000 баррельге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Ұйымның келесі отырысы 2 ақпанда өтеді. Ол басқосуда альянс наурыздағы өндіру параметрлерін анықтайды.
7 қаңтарға дейінгі аптада АҚШ-тың коммерциялық қоры 2018 жылдың қазанынан бергі ең төменгі деңгейге түсіп, көрсеткіш 4,6 миллион баррельге азайып, 413,3 миллион баррельге жетті.
Brent – Солтүстік теңізде өндірілетін мұнайдың эталонды маркасы (маркерлі сұрып) болып саналатынын айта кету керек. 2007 жылдан бастап ол Норвегия мен Ұлыбритания жағалаулары арасындағы Brent, Forties, Oseberg және Ekofisk кен орындарында өндірілген мұнайдың бірнеше сұрыптарының қоспасы болып келеді.
Ол халықаралық мұнай биржаларында, атап айтқанда ICE биржасында сатылатын мұнайдың негізгі маркаларының бірі.