https://sputnik.kz/20220118/Ministr-zhalaky-kyzmetker-19163434.html
"Бес жыл бойы өзгермеген": министр жалақысы көтерілетін қызметкерлер туралы айтты
"Бес жыл бойы өзгермеген": министр жалақысы көтерілетін қызметкерлер туралы айтты
Sputnik Қазақстан
"Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінен жалақыға қатысты біраз өтініш келіп түсті, дейді ол 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T09:58+0500
2022-01-18T09:58+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
хқко
жалақы
https://sputnik.kz/img/1383/47/13834737_0:436:2730:1980_1920x0_80_0_0_057dd749bda6dd8ea33d3baa7ad9deda.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.Оның айтуынша, ХҚКО қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Күнде мыңдаған адамға қызмет көрсетеді. Сол арқылы халықтың мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады."Ал фронт-офистер мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді офлайн алудың жалғыз көзі. Өткен демалыста "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығымен осы жайтты талқыладым. Әділ Кожықовқа жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым", - деп атап өтті Мусин.Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылда жалақысы өзгермеген қызметкерлер бар. Айтуынша, наурыз айында ХҚКО жұмысшылары мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуге тиіс.Оқи отырыңыз: ІІМ арнайы бөлімше қызметкерлерінің жалақысын көтереді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1383/47/13834737_0:332:2730:2048_1920x0_80_0_0_03e7af44957e55b7c7bcd66b4cdb7042.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
хқко, жалақы
"Бес жыл бойы өзгермеген": министр жалақысы көтерілетін қызметкерлер туралы айтты
09:58 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) "Азаматтарға арналған үкімет" қызметкерлерінен жалақыға қатысты біраз өтініш келіп түсті, дейді ол
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысы қайта қаралады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
"Күн сайын маған азаматтардан түрлі тақырыпта жүздеген жеке хабарлама келеді, соның ішінде ұсыныстар мен идеялар, базалардағы ақаулар немесе интернетке қатысты шағымдар, сондай-ақ біздің қызметкерлердің өтінімдері де бар. Бұл ретте "Азаматтарға арналған үкімет" жұмысшыларынан жалақыға қатысты біраз өтініш келіп түсті", - деп жазды Мусин әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, ХҚКО қызметкерлерінің жұмысы оңай емес. Күнде мыңдаған адамға қызмет көрсетеді. Сол арқылы халықтың мемлекетке деген көзқарасы қалыптасады.
"Ал фронт-офистер мемлекеттің бейнесі, себебі ХҚКО қызметкері – мемлекеттік қызметтерді офлайн алудың жалғыз көзі. Өткен демалыста "Азаматтарға арналған үкімет" басшылығымен осы жайтты талқыладым. Әділ Кожықовқа жалақыны арттыру бойынша жоспар құруды және жалпы еңбекақы мен сыйақы жүйесін қайта қарауды тапсырдым", - деп атап өтті Мусин.
Министрдің сөзіне қарағанда, соңғы 5 жылда жалақысы өзгермеген қызметкерлер бар. Айтуынша, наурыз айында ХҚКО жұмысшылары мен олардың отбасылары оң өзгерістерді сезінуге тиіс.