https://sputnik.kz/20220118/Memlekettik-kirister-komiteti-tekseru-19169773.html
Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін тексеру жүргізбейді
Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін тексеру жүргізбейді
Sputnik Қазақстан
Мұндай шешім еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қабылданды 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T17:46+0500
2022-01-18T17:46+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_6c6650b3f0f4e781b7c437920c36fb29.jpg
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін барлық тексеруді тоқтатты. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады."Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау шаралары уақытша тоқтатылды", - делінген ақпаратта.Осылайша, бірінші ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған және комитет ұйымдастыратын салық және кедендік тексерулер, сонымен қатар тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексеру уақытша тоқтатылды.Сондай-ақ осы уақытқа дейін мемлекеттік кірістер органы жаңа тексерулер енгізбейді."2022 жылдың 1 ақпанына дейін камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ бақылау бойынша хабарлама мен салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама жолдауды уақытша тоқтатты", - делінген ақпаратта.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/0e/18893983_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_b6dfbb4b20fcf81071e7c634e2825f41.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін тексеру жүргізбейді
17:46 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Мұндай шешім еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында қабылданды
АЛМАТЫ, 18 қаңтар – Sputnik. Мемлекеттік кірістер комитеті 1 ақпанға дейін барлық тексеруді тоқтатты. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.
"Төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды қалпына келтіру және кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 2022 жылдың ақпанына дейін бақылау шаралары уақытша тоқтатылды", - делінген ақпаратта.
Осылайша, бірінші ақпанға дейін мемлекеттік кірістер органдары бастаған және комитет ұйымдастыратын салық және кедендік тексерулер, сонымен қатар тауарлар шыққаннан кейінгі кедендік және басқа құжаттар мен мәліметтерді тексеру уақытша тоқтатылды.
Сондай-ақ осы уақытқа дейін мемлекеттік кірістер органы жаңа тексерулер енгізбейді.
"2022 жылдың 1 ақпанына дейін камералдық бақылау жүргізу, сондай-ақ бақылау бойынша хабарлама мен салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарлама жолдауды уақытша тоқтатты", - делінген ақпаратта.