https://sputnik.kz/20220118/AQSh-qorganys-ministrlgi-tekhnika-19170397.html
АҚШ қорғаныс министрлігі елдегі әскери техника тозғанын мойындады – БАҚ
АҚШ қорғаныс министрлігі елдегі әскери техника тозғанын мойындады – БАҚ
Sputnik Қазақстан
АҚШ қорғаныс құралы шектеулі, сондықтан осы бағытта инвестициялау, дамыту шараларын тез арада қолға алуы керек, дейді сарапшылар 18.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-18T21:51+0500
2022-01-18T21:51+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15880983_0:159:3076:1889_1920x0_80_0_0_5c6287c9a613d6d584fe2abaa5825b45.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Америка бұқаралық ақпарат құралдары Украина жайында жиі жазатын болған. Олар бұл тақырыпты тіпті Ресей мен АҚШ арасындағы Женевадағы келіссөздермен де байланыстырыпты. Украина шекарасында Ресейдің біресе тоқсан мың, біресе жүз мың, кейде тіпті жүз жиырма мың әскері сақадай сай тұрғанын айтып жатыр. Сонымен қатар Ресейге тойтарыс берудің он сегіз сценарийі әзірленіп жатқаны да сөз болды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.АҚШ тұрғындарын Ресеймен әскери қақтығыс бола қалса, ол соғыс америкалықтардан алыс елді мекенде, мыңдаған километр қашықтықта, теңіздің арғы жағында болады деп сендіріп жатыр. Сонымен қатар Украина мәскеулік тиранға қарсы тұрып жатқаны және америкалықтар осы соғыста украиндар жағында екені насихатталып отыр.Қытаймен арадағы ықтимал текетірес те қоғамға осы сипатта ұсынылған. Ол соғыс экзотикалық өңірде өтетіні, АҚШ қалаларының маңына жуықтамайтыны айтылып жатыр. Айдаладағы кезекті соғыс іспеттес.Басылымның мәліметінше, шындығында ол соғыс Американың аумағына оп-оңай жетуі мүмкін. Ел қорғанысында біршама олқылық бар. Қалыпты демократиялық мемлекетте бұл мәселені кең аудиторияның талқысына салуға болар еді және қазір осыған таптырмас лайық уақыт секілді. Алайда жаңалықтар тізбегінде бұл жайлы бір ауыз сөз жоқ. Сондықтан ол олқылықтарды америкалық әскерилер өздерінің мамандандырылған басылымдарында ғана талқылап жатыр. Ал Америка қоғамы Голливуд фильмдеріндегідей өжет те мызғымас АҚШ қорғанысына сенеді.АҚШ әскерилері орыстардың жаңа техникасына қатысты алаңдаушылығын жасырмайды. АҚШ қорғаныс министрлігі ол техникаға төтеп беретіндей жойқын амал қолда жоқ екенін де мойындап отыр. АҚШ қорғаныс министрлігінің 2019 жылы жарық көрген "Зымыранға қарсы қорғанысқа шолуда" жазылғандай, "Зымыранға қарсы белсенді қорғаныс өздігінен АҚШ-қа көмектесе алмайды. Ықтимал қарсыластың басқаруындағы зымыран түрінің кең ауқымын ескерсек, онда қорғаныс құралы қазір шектеулі болып отырған АҚШ осы бағытта инвестициялау, дамыту шараларын тез арада қолға алуы керек.Жарты жыл бұрын АҚШ Солтүстік қолбасшылығының қолбасшысы Глен Ванхерк те тура осы жайында баяндама жасап, Ресейді Ақ үйдің басты қаупі деп атады."Ресей осыдан жиырма жыл бұрын мүлде болмаған мүмкіндіктерге қол жеткізді. Бұл радарлардың көзіне түспейтін қанатты зымырандар мен біздің крейсерлерден еш кем түспейтін дыбыссыз суасты қайықтары", - деді Глен Ванхерк.Венесуэла жайын да қарастыру керек. Орыс дипломаты Сергей Рябковтың Латын Америкасы елдерінің аумағын АҚШ-қа қысым көрсету мақсатында қолдануды жоққа шығармайтыны туралы мәлімдемесі америкалық журналистердің күлкісін келтірді. Бірақ 2018 жылы орыстардың Ту-160 бомбалаушы ұшақтары Венесуэлада пайда болуы күлкі тудыра қоймады. Бұл әуе кемелері ел көшбасшысы Николас Мадуроны тақтан тайдыру әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін ұшып келді.АҚШ қорғаныс министрлігіне қарасты бас аналитикалық ведомство – Rand Corporation қызметкерлері Венесуэла Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастықты жалғастыра берсе, онда АҚШ-тың бұл елге қысым көрсететін құралы жоқ екенін жазды. Қару-жарақ орналастырғаны үшін санкция енгізуге болар еді. Бірақ бұл кедей, әйтсе де тәкаппар мемлекет санкция шектеулеріне онсыз да белшесінен батып отыр."Ал ядролық қару орналастырса не болмақ? Мысалы, оқ-дәрімен жабдықталған ресейлік сүңгуір қайық келіп тұрақтаса ше? Америка билігінің қатты алаңдаушылық танытудан басқа амалы қалмады. Бар болғаны сол", - дейді ресейлік сарапшылар.Ресейдің Кубамен әскери-техникалық ынтымақтастықты қалпына келтіруі де америкалық серіктестер үшін үлкен соққы болуы мүмкін. Бірақ америкалықтар бұл туралы айтуды жөн санамайды. Шамасы, олар үшін Кариб дағдарысының салдары тым ауыр болған секілді. Бірақ екі жыл бұрын ықпалды британдық The Spectator басылымы Ресей, Куба және Венесуэланың әскери одағы жақсылыққа алып келмейтіні туралы АҚШ-қа ескертті.Америкалық әскерилер "сайлауға араласу" туралы сөз қозғамаған, олар Петров пен Баширов туралы қалжыңдамайды және бұдан басқа русофобиялық тақырыпты талқыламайды. Өйткені оларды расында да алаңдатып отырған әлдеқайда маңызды мәселелер бар. Жақында ғана Rand Corporation америкалық ядро "триадасындағы" ахуал туралы есепті жариялады. Онда жағдай мәз емес екені байқалады.Жиырма жыл бұрын Ресей қайта қаруланып, өз армиясын модернизациялап жатқанда, АҚШ қырғи-қабақ соғыстағы жеңісінен әлі бас көтере алмай жатты. Соның салдарынан жарты ғасыр бұрын дайындалған техниканың бүгінде тозығы жетті. Зымыран мен басқа да техниканың қызмет ету мерзімі бұрын аяқталып, бірнеше рет ұзартылды.Осыдан кейін Байден әкімшілігі неліктен Ресеймен арадағы стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімнің мерзімін ешқандай қосымша талапсыз ұзартқаны түсінікті болды. Әйтпесе минитмен зымырандарын жаңа техникамен алмастыруға қазір өте қолайлы сәт болып отыр.Бірақ АҚШ қорғаныс саласын модернизациялауға жоғарғы жақта пікірдің қақ жарылуы кедергі болып отыр. Себебі құрлықаралық баллистикалық зымырандарды модернизациялаудың төңірегінде де үлкен дау туындады. Зымырандарды іске қосудың жерде орналасқан жүйесі қажет емес, АҚШ бомбалаушы ұшақтар және сүңгуір қайықтармен-ақ қорғана алады деген пікір бар көрінеді. Әйтсе де ол жақта да жағдай мәз емес."Огайо" тобындағы сүңгуір қайықтарды утилизациялауға жіберіп, оларды жаңа "Коламбия" крейсерлерімен алмастыру жоспарда бар. Бірақ ол жоба іс жүзінде тек 2031 жылдан кейін жзеге асырылады. Ал В-52Н бомбалаушы ұшағы 1962 жылы пайдалануға беріліп, бүгінде әзер жұмыс істеп тұр. Одан кейін қолданысқа енген В-2 ұшағын да алмастыру жоспарланып отыр."Егер қорғаныс саласында осындай үлкен олқылық бар болса және әскери техника ескірсе, онда АҚШ Ресейге қарсы қалай соғыспақ? Батыста осы ащы шындықты ақырындап мойындай бастаған секілді. Себебі журналистер мен сарапшылар Вашингтонға беделді түсірместен өз ұстанымынан кері шегінудің нұсқаларын ұсынып жатыр.Аяқ астынан ешкім Украина мен Грузияны НАТО-ға мүшелікке қабылдамайтыны анықталды. Сондықтан АҚШ қорғаныс ведомстволарының есебімен танысқаннан кейін америкалықтар біршама күйзеліске түсуі ықтимал. Содан кейін Ресей талаптарына құлақ асуға тура келеді", - деп түйіндеді басылым.
https://sputnik.kz/20210925/Toqaev-askeri-tujyrymdama-18231572.html
https://sputnik.kz/20210303/ARMA-brondy-mashinasy-16445582.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/1d/15880983_174:0:2903:2047_1920x0_80_0_0_4c624ff79b6786f7c52c239f9604dd81.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
АҚШ қорғаныс министрлігі елдегі әскери техника тозғанын мойындады – БАҚ
21:51 18.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) АҚШ қорғаныс құралы шектеулі, сондықтан осы бағытта инвестициялау, дамыту шараларын тез арада қолға алуы керек, дейді сарапшылар
НҰР-СҰЛТАН, 18 қаңтар – Sputnik. Америка бұқаралық ақпарат құралдары Украина жайында жиі жазатын болған. Олар бұл тақырыпты тіпті Ресей мен АҚШ арасындағы Женевадағы келіссөздермен де байланыстырыпты. Украина шекарасында Ресейдің біресе тоқсан мың, біресе жүз мың, кейде тіпті жүз жиырма мың әскері сақадай сай тұрғанын айтып жатыр. Сонымен қатар Ресейге тойтарыс берудің он сегіз сценарийі әзірленіп жатқаны да сөз болды. Бұл туралы
РИА Новости хабарлады.
АҚШ тұрғындарын Ресеймен әскери қақтығыс бола қалса, ол соғыс америкалықтардан алыс елді мекенде, мыңдаған километр қашықтықта, теңіздің арғы жағында болады деп сендіріп жатыр. Сонымен қатар Украина мәскеулік тиранға қарсы тұрып жатқаны және америкалықтар осы соғыста украиндар жағында екені насихатталып отыр.
Қытаймен арадағы ықтимал текетірес те қоғамға осы сипатта ұсынылған. Ол соғыс экзотикалық өңірде өтетіні, АҚШ қалаларының маңына жуықтамайтыны айтылып жатыр. Айдаладағы кезекті соғыс іспеттес.
Басылымның мәліметінше, шындығында ол соғыс Американың аумағына оп-оңай жетуі мүмкін. Ел қорғанысында біршама олқылық бар. Қалыпты демократиялық мемлекетте бұл мәселені кең аудиторияның талқысына салуға болар еді және қазір осыған таптырмас лайық уақыт секілді. Алайда жаңалықтар тізбегінде бұл жайлы бір ауыз сөз жоқ. Сондықтан ол олқылықтарды америкалық әскерилер өздерінің мамандандырылған басылымдарында ғана талқылап жатыр. Ал Америка қоғамы Голливуд фильмдеріндегідей өжет те мызғымас АҚШ қорғанысына сенеді.
АҚШ әскерилері орыстардың жаңа техникасына қатысты алаңдаушылығын жасырмайды. АҚШ қорғаныс министрлігі ол техникаға төтеп беретіндей жойқын амал қолда жоқ екенін де мойындап отыр. АҚШ қорғаныс министрлігінің 2019 жылы жарық көрген "Зымыранға қарсы қорғанысқа шолуда" жазылғандай, "Зымыранға қарсы белсенді қорғаныс өздігінен АҚШ-қа көмектесе алмайды. Ықтимал қарсыластың басқаруындағы зымыран түрінің кең ауқымын ескерсек, онда қорғаныс құралы қазір шектеулі болып отырған АҚШ осы бағытта инвестициялау, дамыту шараларын тез арада қолға алуы керек.
Жарты жыл бұрын АҚШ Солтүстік қолбасшылығының қолбасшысы Глен Ванхерк те тура осы жайында баяндама жасап, Ресейді Ақ үйдің басты қаупі деп атады.
"Ресей осыдан жиырма жыл бұрын мүлде болмаған мүмкіндіктерге қол жеткізді. Бұл радарлардың көзіне түспейтін қанатты зымырандар мен біздің крейсерлерден еш кем түспейтін дыбыссыз суасты қайықтары", - деді Глен Ванхерк.
Венесуэла жайын да қарастыру керек. Орыс дипломаты Сергей Рябковтың Латын Америкасы елдерінің аумағын АҚШ-қа қысым көрсету мақсатында қолдануды жоққа шығармайтыны туралы мәлімдемесі америкалық журналистердің күлкісін келтірді. Бірақ 2018 жылы орыстардың Ту-160 бомбалаушы ұшақтары Венесуэлада пайда болуы күлкі тудыра қоймады. Бұл әуе кемелері ел көшбасшысы Николас Мадуроны тақтан тайдыру әрекеті сәтсіздікке ұшырағаннан кейін ұшып келді.
АҚШ қорғаныс министрлігіне қарасты бас аналитикалық ведомство – Rand Corporation қызметкерлері Венесуэла Ресеймен әскери-техникалық ынтымақтастықты жалғастыра берсе, онда АҚШ-тың бұл елге қысым көрсететін құралы жоқ екенін жазды. Қару-жарақ орналастырғаны үшін санкция енгізуге болар еді. Бірақ бұл кедей, әйтсе де тәкаппар мемлекет санкция шектеулеріне онсыз да белшесінен батып отыр.
"Ал ядролық қару орналастырса не болмақ? Мысалы, оқ-дәрімен жабдықталған ресейлік сүңгуір қайық келіп тұрақтаса ше? Америка билігінің қатты алаңдаушылық танытудан басқа амалы қалмады. Бар болғаны сол", - дейді ресейлік сарапшылар.
Ресейдің Кубамен әскери-техникалық ынтымақтастықты қалпына келтіруі де америкалық серіктестер үшін үлкен соққы болуы мүмкін. Бірақ америкалықтар бұл туралы айтуды жөн санамайды. Шамасы, олар үшін Кариб дағдарысының салдары тым ауыр болған секілді. Бірақ екі жыл бұрын ықпалды британдық The Spectator басылымы Ресей, Куба және Венесуэланың әскери одағы жақсылыққа алып келмейтіні туралы АҚШ-қа ескертті.
Америкалық әскерилер "сайлауға араласу" туралы сөз қозғамаған, олар Петров пен Баширов туралы қалжыңдамайды және бұдан басқа русофобиялық тақырыпты талқыламайды. Өйткені оларды расында да алаңдатып отырған әлдеқайда маңызды мәселелер бар. Жақында ғана Rand Corporation америкалық ядро "триадасындағы" ахуал туралы есепті жариялады. Онда жағдай мәз емес екені байқалады.
Жиырма жыл бұрын Ресей қайта қаруланып, өз армиясын модернизациялап жатқанда, АҚШ қырғи-қабақ соғыстағы жеңісінен әлі бас көтере алмай жатты. Соның салдарынан жарты ғасыр бұрын дайындалған техниканың бүгінде тозығы жетті. Зымыран мен басқа да техниканың қызмет ету мерзімі бұрын аяқталып, бірнеше рет ұзартылды.
Осыдан кейін Байден әкімшілігі неліктен Ресеймен арадағы стратегиялық шабуылдау қарулары туралы келісімнің мерзімін ешқандай қосымша талапсыз ұзартқаны түсінікті болды. Әйтпесе минитмен зымырандарын жаңа техникамен алмастыруға қазір өте қолайлы сәт болып отыр.
Бірақ АҚШ қорғаныс саласын модернизациялауға жоғарғы жақта пікірдің қақ жарылуы кедергі болып отыр. Себебі құрлықаралық баллистикалық зымырандарды модернизациялаудың төңірегінде де үлкен дау туындады. Зымырандарды іске қосудың жерде орналасқан жүйесі қажет емес, АҚШ бомбалаушы ұшақтар және сүңгуір қайықтармен-ақ қорғана алады деген пікір бар көрінеді. Әйтсе де ол жақта да жағдай мәз емес.
"Огайо" тобындағы сүңгуір қайықтарды утилизациялауға жіберіп, оларды жаңа "Коламбия" крейсерлерімен алмастыру жоспарда бар. Бірақ ол жоба іс жүзінде тек 2031 жылдан кейін жзеге асырылады. Ал В-52Н бомбалаушы ұшағы 1962 жылы пайдалануға беріліп, бүгінде әзер жұмыс істеп тұр. Одан кейін қолданысқа енген В-2 ұшағын да алмастыру жоспарланып отыр.
"Егер қорғаныс саласында осындай үлкен олқылық бар болса және әскери техника ескірсе, онда АҚШ Ресейге қарсы қалай соғыспақ? Батыста осы ащы шындықты ақырындап мойындай бастаған секілді. Себебі журналистер мен сарапшылар Вашингтонға беделді түсірместен өз ұстанымынан кері шегінудің нұсқаларын ұсынып жатыр.Аяқ астынан ешкім Украина мен Грузияны НАТО-ға мүшелікке қабылдамайтыны анықталды. Сондықтан АҚШ қорғаныс ведомстволарының есебімен танысқаннан кейін америкалықтар біршама күйзеліске түсуі ықтимал. Содан кейін Ресей талаптарына құлақ асуға тура келеді", - деп түйіндеді басылым.