Қоғам

Шетелдік паспорттар мен банк карталары бар: шекарада Қырғызстан азаматы ұсталды

© Sputnik / Виктор Толочко / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Ұсталған қырғызстандық Қордай ауданының полиция бөлімшесіне жеткізілді
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "Қордай" өткізу бекетінде Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған қырғызстандық ұсталды.
ҰҚК мәліметінше, 14 қаңтарда "Қордай" өткізу пунктінде жеңіл автокөлік мінген Қырғызcтан азаматы ұсталды. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышынан 50 дана литерлік мөр, 4 дана шетелдік паспорт пен 20 дана банк картасы табылды.
Ұсталған азамат Қордай ауданы бойынша АІІБ-ға жеткізілді.
Оқи отырыңыз: Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
Сондай-ақ Жамбыл облысының шекарашылары мемлекеттік шекарадан екі шақырым жерден атыс қаруы жасырылған орын тапты. Қоймадан 4 тапанша,  6 бірлік йір ойықты және тегіс ұңғылы қару алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Жаңалықтар
0