Экономика

Қазақстандық Қырғызстандағы Құмтор кен орнына атқарушы директор болып барды

© Sputnik / Эламан Карымшаков"Кумтор Голд Компани" атқарушы директоры Қанат Құрманов
Кумтор Голд Компани атқарушы директоры Қанат Құрманов - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Жаңа директордың тау-кен өндіру саласында жиырма жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Ол пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстандық маман Қанат Құрманов "Құмтор голд компани" атқарушы директоры қызметін атқарады, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
Қанат Құрмановты кен орнының жаңа басшылығы шақырған.
Сондай-ақ ол өзі жайлы әңгімелеп берді.
"Мен Ыстықкөл облысы Тоң ауданы Боконбаево ауылында тудым. Үш жасқа толғанда, ата-анам Қазақстанға көшті. Әкем — қырғыз, анам — қазақ. Бүгінде мен Қазақстан азаматымын. Жаңа басшылық кен орнында сыртқы басқару енгізілген соң, мені шақырды. Менің мамандығым — пайдалы қазбаларды байыту жөніндегі инженер. Жоғары оқу орнын 2006 жылы тәмамдадым, алайда өндірістік кәсіпорындарда 2003 жылдан бері қызмет етемін", - деді Құрманов.
Айтуынша, оның тау-кен өндіру саласында 20 жыл, ал Қазақстандағы тау-кен байыту фабрикасында 18 жыл жұмыс тәжірибесі бар.
Оқи отырыңыз: 
Асқар Ақаев Қырғызстанға ұшып келді
Қуғынға ұшыраған президенттер: Атамбаевқа дейінгі басшылар қайда жүр?
Жаңалықтар
0