https://sputnik.kz/20220117/qazaqstan-khalqyna-qory-19159052.html
"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті
"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті
Sputnik Қазақстан
Қор басшылығы барлық қаражаттың ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T12:49+0500
2022-01-17T12:49+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
ақша
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744117_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_f87b2ace42ab3a52d8a9de0b8b348181.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін, 17 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жеке тұлғалардан 10 миллион теңге, заңды тұлғалардан 12 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.Заңды тұлғалар арасында "Kaspibank" АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры" ЖҚ – 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 миллион теңге аударған."Қазақстан халқына" қоры ақша аударған барша қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.Оқи отырыңыз: Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорын басқарадыҚор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.Бизнесмендер, меценаттар және жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорына мына деректемелер бойынша қаражат аудара алады:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/0f/15744117_210:0:2459:1687_1920x0_80_0_0_11592d6c7634aa5e8745be1e31c40449.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақша
"Қазақстан халқына" қорына қанша ақша түсті
12:49 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қор басшылығы барлық қаражаттың ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Бүгін, 17 қаңтардағы жағдай бойынша "Қазақстан халқына" қоғамдық қорына жеке тұлғалардан 10 миллион теңге, заңды тұлғалардан 12 миллиард теңге түсті. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.
"17 қаңтар күні таңертең қоғамдық қорға 6 519 қазақстандықтан 10,1 миллион теңге түсті. Заңды тұлғалар 12,36 миллиард теңге аударды", - делінген хабарламада.
Заңды тұлғалар арасында "Kaspibank" АҚ және оның құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе – 10 миллиард теңге, "Халық" қайырымдылық қоры" ЖҚ – 2 миллиард теңге, "Степногорск тау-кен химия комбинаты" ЖШС – 350 миллион теңге аударған.
"Қазақстан халқына" қоры ақша аударған барша қазақстандыққа, ірі кәсіпорындарға, еңбек ұжымдарына алғыс білдірді.
Қор басшылығы барлық қаржының ашықтығы мен есептілігі толығымен қамтамасыз етілетінін мәлімдеді. Ақша Қазақстан халқының игілігіне, денсаулық, әлеуметтік сала, білім, мәдениет және спорт проблемаларын шешуге бағытталады. Сонымен қатар, қор орфандық және басқа да аурулары бар балаларға, халықтың әлеуметтік осал топтарына, қаза тапқан әскери қызметкерлердің, құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ басқа да қайырымдылық мақсаттарға қолдау көрсетеді.
Бизнесмендер, меценаттар және жанашыр азаматтар "Қазақстан халқына" қорына мына деректемелер бойынша қаражат аудара алады:
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
- "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры, ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.