Аңдатпа

Қазақстанда 18 қаңтарда қандай маңызды оқиғалар болады

© Sputnik / Абзал КалиевМечети в Нур-Султане закрыты 7 января
Мечети в Нур-Султане закрыты 7 января  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Sputnik Қазақстан 2022 жылдың 18 қаңтарында өтетін негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды (ақпарат толықтырылып отырады)

18 ҚАҢТАРҒА ЖОСПАРЛАНҒАН ІС-ШАРАЛАР

НҰР-СҰЛТАН

09.00 - Үкімет отырысы. Отырыстың күн тәртібінде: санитарлық-эпидемиологиялық жағдай; елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру бойынша жедел іс-қимыл жоспары; инфляцияның өсуіне, азық - түлік өнімдері мен мұнай өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу шаралары (Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және  әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда онлайн режимде көрсетіледі. Қосымша ақпарат үшін: 8 (7172) 75 00 10).
15.00 - Қазақстан халқы Ассамблеясының президент бастамаларын қолдау және "Қазақстан халқына" қорын құру жөніндегі республикалық дөңгелек үстелі. Отырыс жұмысына ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Мәжіліс депутаттары, мемлекеттік органдардың, БАҚ өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құрылымдарының басшылары (Zoom конференциясына қосылу идентификаторы: 831 5605 4617. Кіру коды: 785625).
17.30 - Орталық коммуникациялар қызметінде қазіргі эпидемиологиялық жағдай және омикрон штамына қатысты баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: Премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов; Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният; ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова. (Трансляцияға сілтемелер: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz).
Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан іс-шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауап бермейді.
Жаңалықтар
0