Қоғам

Педагогтер "Қазақстан халқына" қорына ақша аударуға міндеттелмейді

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги, купюры, иллюстративное фото
Тенге, деньги, купюры, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Бұған дейін президенттің бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына премьер-министр мен оның кеңсесі, сенат және мәжіліс депутаттар, Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері біркүндік жалақысын аударды
АЛМАТЫ, 17 қаңтар – Sputnik. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілер мен оқытушылар "Қазақстан халқына" қоғамдық әлеуметтік қорына ақша аударуға міндеттелмейді. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.
"Әлеуметтік желілерде педагогтер мен оқытушыларды "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударуға міндеттеу туралы пікірлер жазылып жатыр. Мұғалімдер, балабақша тәрбиешілері, білім және ғылым министрлігіне қарасты жоғары оқу орындарының оқытушылары мен білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлеріне қорға ақша аудару міндеттелмейді", - деп жазды министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева Facebook парақшасында.
Айта кетері, бұған дейін президенттің бастамасымен құрылған "Қазақстан халқына" қорына премьер-министр мен оның кеңсесі, сенат және мәжіліс депутаттар, Алматы қаласы әкімдігінің қызметкерлері біркүндік жалақысын аударды.
Жаңалықтар
0