https://sputnik.kz/20220117/Turkiya-Qazaqstan-qoldau-19162346.html
Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Түркия вице-президенті қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T21:17+0500
2022-01-17T21:17+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_dad94da0a72e7ef6384ff604516f6ed5.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркия вице-президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті.Октай Смайыловты премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3,74 миллиард долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ке артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі.Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 миллиард инвестиция салды, ал Қазақстан Түркия еліне $1,1 миллиард инвестиция құйған.Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 30 жыл толады.Оқи отырыңыз: Түркия "Томирис" фильмінің желісі бойынша сериал түсіреді
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0a/1a/15295322_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_1ec566b737d13185607ddc19dd505154.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Түркия Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді
21:17 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Түркия вице-президенті қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов Түркия вице-президенті Фуат Октаймен телефон арқылы сөйлесті.
Октай Смайыловты премьер-министр лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Октай қаңтарда болған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, Түркияның Қазақстанға қажетті қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті.
"Түркия Республикасы – Қазақстанның сенімді әрі стратегиялық серіктесі. Қазақстан үкіметі ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша Түркиямен ынтымақтастықты нығайтуды жалғастырады", — деді Смайылов.
Түркия – Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық әріптесі. 2021 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 3,74 миллиард долларды құрады, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 32%-ке артық және 2019 жылғы пандемияға дейінгі деңгейден анағұрлым асып түседі.
Тәуелсіздік жылдарында Түркия Қазақстан экономикасына шамамен $5 миллиард инвестиция салды, ал Қазақстан Түркия еліне $1,1 миллиард инвестиция құйған.
Қазақстан мен Түркия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына биыл 30 жыл толады.