https://sputnik.kz/20220117/Toqaev-khalyq-tabys-19160820.html
Тоқаев халықтың табысын арттыру үшін не істеу қажеттігін айтты
Тоқаев халықтың табысын арттыру үшін не істеу қажеттігін айтты
Sputnik Қазақстан
Үкімет ең алдымен тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек, деп атап өтті мемлекет басшысы 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T16:01+0500
2022-01-17T16:01+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
қасым-жомарт тоқаев
халық
табыс
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_62:0:2466:1352_1920x0_80_0_0_f4848b5dd933304e6f47c071a12cec95.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін "Самұрық-Қазына" мен үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет деп есептейді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысының пікірінше, үкімет ең алдымен тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек. Президент мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет деген пікірде.Осыған орай жекешелендіру кезінде ашықтықты сақтау маңызды. Онсыз экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мүмкін емес.Президент үкіметтен және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комиссиядан нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттер күтеді.Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 11 қаңтарда өткен мәжілістің пленарлық отырысында "Самұрық-Қазына" қорының қызметін толығымен трансформациялау қажет екенін айтқан болатын.Қордың портфельді компаниялары – ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары. Сондықтан қазір экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты.Оқи отырыңыз: "Самұрық-Қазынаның" қомақты жалақы алатын қызметкерлері немен айналысады – президент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/899/77/8997762_362:0:2165:1352_1920x0_80_0_0_621e0eefd0b91c2e09402cb6617643e8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, халық, табыс
қасым-жомарт тоқаев, халық, табыс
Тоқаев халықтың табысын арттыру үшін не істеу қажеттігін айтты
16:01 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Үкімет ең алдымен тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек, деп атап өтті мемлекет басшысы
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет пен халықтың мүддесіне бағытталған табыстарды арттыру үшін "Самұрық-Қазына" мен үкімет арасындағы өзара қатынастардың сипатын өзгерту қажет деп есептейді. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында
жазды.
Мемлекет басшысының пікірінше, үкімет ең алдымен тым көп басқару құрылымдарын қысқартумен айналысуы керек.
"Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтен экономиканың негізгі салаларында шынайы бәсекеге негізделген орта қалыптастыруды және қор мен ұлттық компаниялардың сатып алу жүйелерінің ашықтығын қамтамасыз етуді талап етті", - дейді Берік Уәли.
Президент мемлекет экономикаға көп араласа бермеуі керек және осы тұрғыда "Самұрық-Қазына" қорының активтерін жекешелендіру ісін жандандыруы қажет деген пікірде.
Осыған орай жекешелендіру кезінде ашықтықты сақтау маңызды. Онсыз экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мүмкін емес.
Президент үкіметтен және жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік комиссиядан нақты ұсыныстар мен іс-әрекеттер күтеді.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы 11 қаңтарда өткен мәжілістің пленарлық отырысында "Самұрық-Қазына" қорының қызметін толығымен трансформациялау қажет екенін айтқан болатын.
Қордың портфельді компаниялары – ұлттық экономиканың жүйе құраушы құрылымдары. Сондықтан қазір экономиканы құрылымдық жағынан қайта құру және ресурстарды ел игілігіне бағыттау жөніндегі міндеттердің орындалуы қордың жұмысына байланысты.