https://sputnik.kz/20220117/Timur-Qulybaev-QazAzot-19161999.html
Тимур Құлыбаевқа тиесілі компания "ҚазАзоттағы" акцияларын сатты
Тимур Құлыбаевқа тиесілі компания "ҚазАзоттағы" акцияларын сатты
Sputnik Қазақстан
Сауда-саттық өткен жылдың желтоқсан айында өткені белгілі болды 17.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-17T19:12+0500
2022-01-17T19:12+0500
2022-02-01T13:05+0500
экономика
тимур құлыбаев
акциялар
https://sputnik.kz/img/979/17/9791798_0:85:1620:996_1920x0_80_0_0_b79c666f42bfe0fa019a40f2eb1fe522.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "ҚазАзот" АҚ жай акцияларды сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық ұйымдастырылғанын хабарлады. Сауда-саттық 2021 жылдың 10 желтоқсанында өткен.Белсенді өтінімдердің көлемі 85 000 жай акцияны құрады. Ұсынылған өтінімдер бойынша орташа өлшемді баға 788 858,82 теңге болды.Сауда-саттық нәтижесінде акционерлік қоғамның жай акцияларының 85%-ін "Kazakhstan Petrochemicals" ЖШС сатып алды, 15%-і бұрынғы иесі – Бахаридин Әбіләзімовте қалды. Еске сала кетейік, Әбіләзімов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, "Күшіміз бірлікте" қорына 500 миллион теңге аударды.Осылайша "Joint Resources" АҚ (100% Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатқан.Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айының соңында "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Б.Н. Әбіләзімов – директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Р.Р. Аязбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, К.О. Исказиев – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, К.Н. Ибрашев – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, А.А. Маулешев – директорлар кеңесінің мүшесі.Еске сала кетейік, Қазақстанға танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті."ҚазАзот" АҚ – аммиак және аммиак селитрасын өндіріп, экспорттайтын компания.Оқи отырыңыз: "Атамекен" ҰКП Құлыбаевтың қызметінен кетуіне байланысты мәлімдеме жасады
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/17/9791798_90:0:1530:1080_1920x0_80_0_0_5654a2bbd5a7c4ea723c40b842d47c12.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тимур құлыбаев, акциялар
Тимур Құлыбаевқа тиесілі компания "ҚазАзоттағы" акцияларын сатты
19:12 17.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Сауда-саттық өткен жылдың желтоқсан айында өткені белгілі болды
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. "ҚазАзот" АҚ жай акцияларды сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық ұйымдастырылғанын хабарлады. Сауда-саттық 2021 жылдың 10 желтоқсанында өткен.
Белсенді өтінімдердің көлемі 85 000 жай акцияны құрады. Ұсынылған өтінімдер бойынша орташа өлшемді баға 788 858,82 теңге болды.
Сауда-саттық нәтижесінде акционерлік қоғамның жай акцияларының 85%-ін "Kazakhstan Petrochemicals" ЖШС сатып алды, 15%-і бұрынғы иесі – Бахаридин Әбіләзімовте қалды. Еске сала кетейік, Әбіләзімов бүлік кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қолдап, "Күшіміз бірлікте" қорына 500 миллион теңге аударды.
Осылайша "Joint Resources" АҚ (100% Тимур Құлыбаевқа тиесілі), Дінмұхамед Ыдырысов және Ержан Достыбаев өз акцияларын сатқан.
Сонымен қатар өткен жылдың желтоқсан айының соңында "ҚазАзот" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Жаңа құрамға сайланғандар: Б.Н. Әбіләзімов – директорлар кеңесінің мүшесі, директорлар кеңесінің төрағасы, Р.Р. Аязбаев – директорлар кеңесінің мүшесі, К.О. Исказиев – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, К.Н. Ибрашев – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор, А.А. Маулешев – директорлар кеңесінің мүшесі.
Еске сала кетейік, Қазақстанға танымал бизнесмен, Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаев "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы қызметінен кетті.
"ҚазАзот" АҚ – аммиак және аммиак селитрасын өндіріп, экспорттайтын компания.