Денсаулық

"Омикрон" штамын үйде емдеген дұрыс – дәрігер

Термометр - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Yandex newsTelegram
Оның ойынша, әлем бойынша адамзаттың 60-79 проценті коронавирустың "омикрон" штамымен ауырып шығады
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Ресейлік дәрігер Александр Мясников коронавирустың "омикрон" штамын жұқтырған адамдарға үйде емделуге кеңес берді.
"Омикрон" штамы – бұл кәдімгі жедел респираторлық ауру. Оны жұқтырған адамдар үйде емделеуі керек. Себебі ауруханада "дельта" штамы жұғуы мүмкін. "Омикрон" штамына шалдыққандарды үйде жай оқшаулау қажет. Мен "емдеу керек" деп отырған жоқпын. Жедел респираторлық аурулар емделмейді. Тек оқшаулану керек", - деді Мясников "Вечерняя Москва" газетіне берген сұхбатында.
Оның ойынша, әлем бойынша адамзаттың 60-79 проценті коронавирустың "омикрон" штамымен ауырып шығады. Ал генетикалық тұрғыда инфекцияларға қарсы тұра алатын және иммунитеті мықты адамдар ауырмай жүре береді.
Айта кетері, өткен жылы қарашаның соңында Ботсвана мен Оңтүстік Африка республикасында коронавирустың B.1.1.529 жаңа штамы анықталды. Оның құрамында жасушаларды зақымдайтын S-ақуызында ондаған мутация бар. B.1.1.529 штамы бастапқыда иммунитеті қатты әлсіреген адамның ағзасында пайда болды деген болжам бар.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа штамға грек алфавитіндегі 15-ші әріптің атауын беріп, оны "омикрон" деп атады.
Сарапшылар вакцина салғызған және ауырып қайта жазылғандар да жаңа штамды жұқтыруы ықтимал екенін айтты. Шаршаңқылық, бас ауруы, дененің құрысуы "омикронға" тән симптом.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0