Өңірлер

Маңғыстау облысында 24 заманауи мектеп салынады

© Photo : Пресс-служба акима Алматы Компьютерный класс в школе
Компьютерный класс в школе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Өңір үшін оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де өзекті, деді министр Аймағамбетов
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Маңғыстау облысында 24 мектеп салынады. Бұл туралы облысқа жұмыс сапарымен барған білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
"Өңір үшін оқушы орындарының тапшылығы мәселесі де өзекті. Оқушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 9,5 мың балаға артты. Сұраныс артқандықтан, облыста 24 мектеп және жұмыс істеп тұрған мектептерге қосымша тағы 11 жапсарлас құрылыс салынады. Оның үстіне облыс орталығында ғана емес, сұранысқа сәйкес Жаңаөзен қаласы мен облыстың басқа да аудандарында жаңа әрі заманауи мектептер бой көтермек", – деді Асхат Аймағамбетов  Facebook парақшасында.
Министр ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған түзету кабинеттері ашылатынын, сондай-ақ, Маңғыстау облысында қосымша білім беру жүйесін дамыту, балаларға арналған жаңа секциялар мен үйірмелер ашу бойынша жұмыс жүргізілетінін айта кетті.
"Мұғалімдердің біліктілігін арттыру бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру да маңызды. Ол үшін білім беру ұйымдарының директорларына да, мұғалімдерге де арнайы курстар ұйымдастыратын боламыз", - деді министр..
Жаңалықтар
0