Әлем

Батыс Ресейге қарсы санкция енгізуге дайындалып жатыр

© AFP 2024 / SAUL LOEBНизкие облака над Капитолием
Низкие облака над Капитолием  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.01.2022
Жазылу
Санкция салуға бірнеше ондаған қаржы ұйымының тізімі ұсынылса да, Ақ үй әкімшілігі үш банкті таңдап отыр
НҰР-СҰЛТАН, 17 қаңтар – Sputnik. Ресей мен АҚШ-тың Женевада өтетін келіссөзіне дайындық кезінде барлығын серіктестер бір мәмілеге келе алмаса не болады деген ой мазалады және әу бастан солай болатын сияқты көрінді, деп жазды РИА Новости.
Тараптар келісімге келе алмады. Бірақ көп күткендей ешқандай үрейлі салдары болған жоқ. Америкалықтар тағы да санкция енгізуге оқталып отыр.
"Жойқын санкцияларға" дайындыққа деген салқынқандылық санкциялар жағымды болғандықтан емес, бұл әдіс тым біртекті болғандықтан туындап отыр. АҚШ халық депутаттары арасындағы конгресте санкция енгізу әдісін құптайтындар көп көрінеді.
Города мира. Брюссель - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.12.2021
Әлем
Батыс елдерінде тауар жеткізуде қиындық туындады
Бірақ қабылданатын шаралар қатаң секілді. Алда-жалда Ресей Украинаға басып кірсе (бұл туралы батыс бірнеше айдан бері мәлімдеп келе жатқанмен, шабуыл әлі бола қоймады), оған Вашингтон түрлі қарсы шара қолдануды көздеп отыр, деп жазды басылым.
SWIFT жүйесінен ажырату (бірнеше жылдан бері айтылғанымен, әлі ажыратылған жоқ).
Үш немесе таңдау бойынша одан да көп банкке санкция енгізбек. Бірнеше ондаған қаржы ұйымының тізімі ұсынылса да, Ақ үй әкімшілігі әлдеқайда кінәлі үш банкті таңдауы қызықты.
Ресей президенті, премьер-министрі, сыртқы істер және қорғаныс министріне қарсы дербес санкциялар. Ал бұл байланыстың толыққанды тоқырауын білдірер еді. Егер АҚШ конгресі мен әкімшілігі Ресей президентін жоққа шығаратын болса, онда өзара мүддені таныстыратын мәселелерді кіммен шешпек? Навальныймен бе? Гозманмен бе? Әлде Шендеровичпен бе?
Әйткенмен жойқын санкциялар халық депутаттарының шығармашылық фантазиясы ғана емес екені, бұл бастамаларға АҚШ әкімшілігі қолдау көрсетіп отырғаны айтылды. Алайда Ақ үй ішіндегі жағдай қазір "Аққу, шортан һәм шаян" мысалындағыдай болып тұр. Бірауызды ой мұнда жоқ секілді.
Женевадағы келіссөздерге жауапты Шерман мәселе тікелей әскери шабуылда болмауы мүмкін екенін, Ресей саясаты бір күні украин билігін құлатады немесе украин халқы қажет етпеген өзгерістерге мәжбүрлеуі мүмкін екенін айтты. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл әскери әрекет болса да, болмаса да Ресейге қарсы санкциялар бәрібір енгізіледі дегенді білдіреді.
Украин билігінің ұстанымдары құрдымға кетукен жағдайда кез келген уақытта Мәскеуді кінәлауға болады. Ал "украин халқы қажет етпеген өзгерістер" деп АҚШ Мемлекеттік департаментінің көңілінен шықпаған кез келген өзгерісті айтуға мүмкіндік туады. Ұнамаса қайтадан Мәскеуді айыпты етуге болады. Ал бұл өз кезегінде кезекті шектеулер енгізуге таптырмас сылтау рөлін атқарады.
Құқық және қылмыс пен жазаны қолдану бойынша ешқандай ұстанымға сәйкес келмейтін АҚШ өз санкцияларын этимологиялық тұрғыда латын тілінен аударғанда sanctio сөзінің "бұзылмайтын заң, мызғымас заңдастыру" ретінде қарастыратын сыңайлы. Сондықтан Америка санкцияларды құдіретті мызғымастық ретінде қолдануды көздеп отыр.
Жалпы осыдан кейін АҚШ ықтиярына бағынбағандардың барлығын күпірлік жасап, адамзат құқығын аяққа таптағандар ретінде қарастыруға себеп табылады. Америка дәл осы әдіске көшіп отыр. Бірақ Америка халқының атынан енгізіліп жатқан санкциялар бүгінде белгісіз сипатта болуда. Олай болса, заманауи құқық аясында белгісіз санкцияларға жол жоқ екені көрсетілген. Әйтсе де АҚШ конгресі мен әкімшілігі неге рұқсат, неге жол жоқ екенін айқындаушы тарап болып отырғаны анық.
Өткен ғасырлардағы белгісіз сипаттағы санкцияларға қарағанда Америка шектеулері әлдеқайда адамгершілік сипатта екенін ғана аңғаруға болады. Мысалы, XV Ахмет хан ІІІ Иван патшаға санкция енгіземін деп қорқытып, дала мен өлкені қанға бояйтынын ашық мәлімдеді. Сол сияқты XVI ғасырда ағылшын королі VIII Генрих өз ұлы VI Эдуардты Мария Стюартпен некелестіре алмаған соң, осы әрекеті үшін Шотландияға қарсы санкция енгізді. Ағылшын королі Эдинбургты өртке орап, жермен теңестіруге бұйрық берді. Сол себепті VIII Генрихтің жанында Америка әкімшілігінің әрекеті әлдеқайда момындық отыр.
Жаңалықтар
0