https://sputnik.kz/20220116/ozbekstan-kazakstan-shekara-19154728.html
Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті 16.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-16T13:21+0600
2022-01-16T13:21+0600
2022-02-01T14:05+0600
қоғам
өзбекстан
қазақстан
шекара
/html/head/meta[@name='og:title']/@content
/html/head/meta[@name='og:description']/@content
https://sputnik.kz/img/898/90/8989000_0:141:3007:1832_1920x0_80_0_0_4e4327c113d5908d67a7ea24dbe2c86e.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Өзбекстан 15 қаңтардан бастап Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекарадан өтуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды елдің сыртқы істер министрлігі. "Аталған шаралар Өзбекстанға коронавирустың жаңа штаммы - "Омикронды" кіргізбеу үшін қолға алынып отыр", - делінген ресми хабарламада. Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті.Анықтама, кем дегенде, 48 сағат бұрын алынуы шарт. Бұдан бөлек, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған экспресс-антиген тестті тапсыру қажет. Дегенмен, кейбір адамдар автокөлікпен мемлекеттік шекарадан өте алады.Олар: Оқи отырыңыз: Қырғызстаннан келгендерге митингіге қатысу үшін 90 мың теңге ұсынған – видео
өзбекстан
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/898/90/8989000_187:0:2818:1973_1920x0_80_0_0_08994956df26825d5ec5230676df1728.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rosiya Segodnya“
өзбекстан, қазақстан, шекара
Өзбекстан Қазақстанмен арадағы шекараны уақытша жапты
13:21 16.01.2022 (жаңартылды: 14:05 01.02.2022) Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Өзбекстан 15 қаңтардан бастап Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекарадан өтуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды елдің сыртқы істер
министрлігі.
"Аталған шаралар Өзбекстанға коронавирустың жаңа штаммы - "Омикронды" кіргізбеу үшін қолға алынып отыр", - делінген ресми хабарламада.
Әуе қатынасы тоқтатылмайды. Алайда Өзбекстанға келетін адамдар ПТР-тестің теріс нәтижесін көрсетуге міндетті.
Анықтама, кем дегенде, 48 сағат бұрын алынуы шарт. Бұдан бөлек, коронавирустық инфекцияны анықтауға арналған экспресс-антиген тестті тапсыру қажет.
Дегенмен, кейбір адамдар автокөлікпен мемлекеттік шекарадан өте алады.
- елге оралатын Қазақстан және Өзбекстан азаматтары;
- үкіметаралық фельдъегерлік байланыс мамандары;
- халықаралық жүк тасымалын жасайтын жүргізушілер;
- ресми (үкіметтік) делегациялардың құрамында жүрген адамдар;
- дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер және халықаралық ұйымдардың қызметкерлері, сондай-ақ, олардың отбасы мүшелері;
- Қазақстан аумағында орналасқан Өзбекстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар, сондай-ақ, Өзбекстан аумағында орналасқан Қазақстанның нысандарына қызмет көрсететін мамандар;
- инвестициялық жобалар аясында қызмет атқарып жүрген азаматтар;
- Өзбекстанда тұрақты түрде тұратын Қазақстан азаматтары және Қазақстанда тұрақты түрде тұратын Өзбекстан азаматтары;
- емделуге баратындар, ауырып жатқан жақын туыстарына баратындар және жақын туыстарын жерлеуге шыққандар;
- марқұмдардың денесін алып келе жатқандар.