https://sputnik.kz/20220116/kysylyp-kalgan-ayel-19154866.html
Солтүстік Қазақстанда көлікте қысылып қалған әйел құтқарылды
Солтүстік Қазақстанда көлікте қысылып қалған әйел құтқарылды
Sputnik Қазақстан
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын 16.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-16T12:55+0500
2022-01-16T12:55+0500
2023-08-10T11:58+0500
өңірлер
өрт сөндірушілер
құтқару
жол апаты
https://sputnik.kz/img/07e6/01/10/19153644_0:247:1601:1151_1920x0_80_0_0_33a3aa62f6f1a45c54543a053ecf9f2d.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жол апаты кезінде көлікте қысылып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, 15 қаңтарда Көкшетау-Рузаевка тас жолында Комаровка мен Антоновка ауылдарының арасында жол апаты болған.Lexus пен Volkswagen Passat бетпе-бет соқтығысты. Соққының қатты болғаны сонша, Volkswagen-нің алдында отырған жолаушы әйел қысылып қалды.Оқиға орнына кезекші қарауыл барған. Олар есікті бұзып, аяғы қысылып қалған әйелді босатты.Одан кейін зембілге салып, жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды. 44 жастағы әйел Есіл ауданынан Имантауға бара жатқан. Оны дереу Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді.Lexus пен Volkswagen Passat жүргізушілері қатты жарақат алған жоқ. Айта кетері, күні кеше синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын. Облыста оңтүстік-батыстан соққан жер секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ал түнде 23-28 метрге дейін соғады.Оқи отырыңыз: Қатты жел жүк көлігін ұшырып кете жаздады - видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/10/19153644_0:194:1601:1200_1920x0_80_0_0_38892bc4f7a62004e2d3d77c9df47949.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт сөндірушілер, құтқару, жол апаты
өрт сөндірушілер, құтқару, жол апаты
Солтүстік Қазақстанда көлікте қысылып қалған әйел құтқарылды
12:55 16.01.2022 (жаңартылды: 11:58 10.08.2023) Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында өрт сөндірушілер жол апаты кезінде көлікте қысылып қалған әйелді құтқарды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 15 қаңтарда Көкшетау-Рузаевка тас жолында Комаровка мен Антоновка ауылдарының арасында жол апаты болған.
Lexus пен Volkswagen Passat бетпе-бет соқтығысты. Соққының қатты болғаны сонша, Volkswagen-нің алдында отырған жолаушы әйел қысылып қалды.
Оқиға орнына кезекші қарауыл барған. Олар есікті бұзып, аяғы қысылып қалған әйелді босатты.
Одан кейін зембілге салып, жедел медициналық жәрдем мамандарына тапсырды.
44 жастағы әйел Есіл ауданынан Имантауға бара жатқан. Оны дереу Айыртау аудандық ауруханасына жеткізді.
Lexus пен Volkswagen Passat жүргізушілері қатты жарақат алған жоқ.
Айта кетері, күні кеше синоптиктер Солтүстік Қазақстан облысы бойынша дауылды ескерту жариялаған болатын. Облыста оңтүстік-батыстан соққан жер секундына 20 метрге дейін күшейеді. Ал түнде 23-28 метрге дейін соғады.