Қоғам

"Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесіне кімдер енді

© Sputnik / Абзал КалиевМонеты, земля, иллюстративное фото
Монеты, земля, иллюстративное фото  - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2022
Жазылу
"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. "Қазақстан халқына" қоғамдық қорының қамқоршылық кеңесіне кірген адамдардың тізімі жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қор таратқан ақпаратқа сәйкес, қамқоршылық кеңесінің құрамына белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, қоғам өкілдері, меценаттар және басқа да беделді азаматтары енді.
Олар:
  1. Пя Юрий Владимирович – "University Medical Center" КҚ басқарма төрағасы, қамқоршылық кеңесінің төрағасы;
  2. Аружан Саин– ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкіл, "Милосердие" ерікті қоғам» қайырымдылық қорының директоры;
  3. Бахыт Мәдениетқызы Байғалиева - "ҚР орфандық аурулары бар пациенттерге көмек көрсету қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің негізін салушысы, төрайымы;
  4. Саида Жанәбілқызы Тәуекелова - "Қоғамдық бақылау және мониторинг" РҚБ негізін салушысы, жетекшісі;
  5. Эльмира Айташқызы Алиева - "Help Today" қоғамдық қорының төрайымы;
  6. Ләззат Алтынбекқызы Шығысбаева - "Менің Атамекенім" ҚБ атқарушы директоры;
  7. Трифонов Владислав Вячеславович - "Жизнь без границ" қоғамдық бірлестігі;
  8. Смирнова Ирина Владимировна – ҚР Парламентінің мәжіліс депутаты;
  9. Роза Айтжанқызы Сүлейменова - "САТР" ЖШС бас директоры;
  10. Алмаз Ержан - қоғам қайраткері, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың құқықтарын қорғаушысы;
  11. Ораз Алиұлы Жандосов - "Ракурс" экономикалық анализ орталығының директоры, экономист;
  12. Олжас Әбдімәлікұлы Құдайбергенов - "Center for strategic initiatives" консалтингтік компаниясының аға серіктесі;
  13. Арманжан Мерекеұлы Байтасов - "Tan Media Group" иесі, меценат;
  14. Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов – ҰҚП «Атамекен» кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің төрағасы.
Қамқоршылық кеңес тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы болып саналады. Кеңес мүшерелі қордың негізгі қызметі мен міндеттерін анықтайды, бюджетті бекітеді, басқа да бақылау және ұйымдастырушылық қызметтерді жүзеге асырады.
Айта кетері, "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырамасымен құрылды.
Осы ұйым денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт және әлеуметтік қолдау саласында нақты проблемаларды шешумен айналысады.
Сондай-ақ, қаза болған полицейлер мен әскерилердің отбасыларына көмек көрсетеді
"Қазақстан халқына" қорының реквизиттері:
- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ97601A871001692501 KZT, "Қазақстан халық банкі" АҚ;
- ЖСН/БСН: 220140006999, Кбе 18, KZ52722S000011856768 KZT, "Kaspi Bank" АҚ.

Оқи отырыңыз: 

 
Жаңалықтар
0