https://sputnik.kz/20220116/Erktler-Almaty-kmdgn-aumayn-tazartua-kmektesp-zhatyr-19155735.html
Еріктілер Алматы әкімдігінің аумағын тазартуға көмектесіп жатыр
Еріктілер Алматы әкімдігінің аумағын тазартуға көмектесіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Сондай-ақ еріктілер тамаққа зәру адамдарға азық-түлік таратып, қан тапсыру акцияларына атсалысып жатыр 16.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-16T19:50+0500
2022-01-16T19:50+0500
2022-05-23T15:39+0500
қаңтар оқиғасы
алматы
еріктілер
https://sputnik.kz/img/07e6/01/10/19154563_0:110:2727:1644_1920x0_80_0_0_211984c809646c8d3d4a45ea924435b2.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Алматыда өртеніп кеткен қалалық әкімдіктің аумағын тазарту жұмыстары басталды. Оған құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ қарапайым қала тұрғындары да атсалысып жатыр, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.Орталық басшысы Лима Диастың айтуынша, жергілікті еріктілер ғимараттың сыртын ғана емес, ішін де тазалауға көмектеседі."Төтенше жағдай енгізілгеннен кейн азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі және ұлттық еріктілер желісі бірігіп, бірыңғай үйлестіру орталығын құрды. Осы жерден біз ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау жасап, кім және қай жерде көмекке зәру екенін айтып отырамыз", - дейді Диас.Қазіргі кезде әрбір аймақта еріктілердің штабы бар. Жаппай тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға атсалысуға ниет танытқан еріктілердің тізімі жасалды.Сондай-ақ еріктілер тамаққа зәру адамдарға азық-түлік таратып, қан тапсыру акцияларына атсалысып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шараларына қатысып келеді. 1414 желісінің жұмысына және тегін психологиялық көмек беруге де қосылды.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/10/19154563_0:0:2727:2045_1920x0_80_0_0_67da4d49548d210e52bce17349f4bca9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, еріктілер
Еріктілер Алматы әкімдігінің аумағын тазартуға көмектесіп жатыр
19:50 16.01.2022 (жаңартылды: 15:39 23.05.2022) Сондай-ақ еріктілер тамаққа зәру адамдарға азық-түлік таратып, қан тапсыру акцияларына атсалысып жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Алматыда өртеніп кеткен қалалық әкімдіктің аумағын тазарту жұмыстары басталды. Оған құрылысшылар, еріктілер, сондай-ақ қарапайым қала тұрғындары да атсалысып жатыр, деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
Орталық басшысы Лима Диастың айтуынша, жергілікті еріктілер ғимараттың сыртын ғана емес, ішін де тазалауға көмектеседі.
"Төтенше жағдай енгізілгеннен кейн азаматтық бастамаларды қолдау орталығы, Birgemiz еріктілерінің республикалық фронт-кеңсесі және ұлттық еріктілер желісі бірігіп, бірыңғай үйлестіру орталығын құрды. Осы жерден біз ақпараттық және ұйымдастырушылық қолдау жасап, кім және қай жерде көмекке зәру екенін айтып отырамыз", - дейді Диас.
Қазіргі кезде әрбір аймақта еріктілердің штабы бар. Жаппай тәртіпсіздіктердің салдарын жоюға атсалысуға ниет танытқан еріктілердің тізімі жасалды.
"Мәселен, Алматы бойынша еріктілер штабы қала әкімдігінің аумағын тазалауға арналған сенбілікке шықты. Оған 150-ден астам адам қатысты. Олардың ішінде каскадерлар клубы, Жансая Әбдімәліктің шахмат клубы, Еріктілер лигасы, Ұлттық еріктілер желісі, мүгедектер қоғамы, Лидер КЗ, Наркопост, Қызыл крест, Top.kz, "Жас Отан" жастары қанаты, HAQ сияқты ұйымдардың өкілдері бар", - деп атап көрсетті орталық басшысы.
Сондай-ақ еріктілер тамаққа зәру адамдарға азық-түлік таратып, қан тапсыру акцияларына атсалысып жатыр. Жаппай тәртіпсіздіктер кезінде із-түзсіз жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шараларына қатысып келеді. 1414 желісінің жұмысына және тегін психологиялық көмек беруге де қосылды.