https://sputnik.kz/20220116/Atyrau-akim-kyzmet-19155306.html
Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті
Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті
Sputnik Қазақстан
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әкімнің митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды 16.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-16T14:27+0500
2022-01-16T14:27+0500
2022-02-01T13:05+0500
саясат
кадрлық ауыс-түйіс
https://sputnik.kz/img/01/98/019812_61:0:1426:768_1920x0_80_0_0_d0c344c8376ed2e64aa6c9f617cc4a84.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.Оразбаев өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Соның негізінде облыс әкімі оны 14 қаңтардан бастап қызметінен босаттты. Қазіргі кезде оның орынбасары Жұмабек Қаражанов әкімнің міндетін атқарып жатыр. Бұған дейін Атырау әкімінің 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққаны туралы ақпарат тарады. Ал 10 қаңтарда оны жұмысқа шақырып алған. Сол кезде қалада және басқа да аймақтарда наразылық акциялары өтті.Артынан Оразбаев денсаулығына байланысты тағы демалыс алып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін сынға ұшырады. Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/01/98/019812_231:0:1255:768_1920x0_80_0_0_b4f58ad859c3cee3f5d57b6c6e450c1a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті
14:27 16.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары әкімнің митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды
НҰР-СҰЛТАН, 16 қаңтар – Sputnik. Қайрат Оразбаев Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды, деп хабарлады Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Оразбаев өз еркімен кету туралы өтініш жазған. Соның негізінде облыс әкімі оны 14 қаңтардан бастап қызметінен босаттты. Қазіргі кезде оның орынбасары Жұмабек Қаражанов әкімнің міндетін атқарып жатыр.
Бұған дейін Атырау әкімінің 31 желтоқсанда еңбек демалысына шыққаны туралы ақпарат тарады. Ал 10 қаңтарда оны жұмысқа шақырып алған. Сол кезде қалада және басқа да аймақтарда наразылық акциялары өтті.
Артынан Оразбаев денсаулығына байланысты тағы демалыс алып кеткен. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары оның митингке шыққан халықпен кездеспегені туралы жазды. Сол үшін сынға ұшырады.
Оразбаев қала әкімі қызметінде бір жылдай жұмыс істеді. Бұған дейін мұнай-газ компанияларында басшы қызметтер атқарды.