Видео

Алматыдағы бүлік кезінде екі полицей әйел өз еркімен жұмыста қалды – видео 

Жазылу
Алматыдағы тәртіпсіздіктер кезінде өз еркімен жұмыста қалған екі полицей әйел марапатталды, деп хабарлайды Polisia.kz
Медеу ауданы полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаевтың айтуынша, сол күні әйел қызметкерлерді үйге жіберуге шешім қабылданған. Бірақ Қарлығаш Көпбаева мен Евгения Калнышева жұмыста қаламыз деп ұйғарған.
"Біз барлық қызды үйге қайтарған кезде олар өз еркімен қалды. Осы жерде екі тәулік бойы қонып, бүкіл жағдайды бізбен бірге көрді", - дейді Өтебаев.
Евгения Калнышева басқармада отырып, барлық қоңырауға жауап берген.
"Ол күні 200-ден астам қоңырауды қабылдадық. Өте қиын болды, көп әріптесіміз зардап шекті, қаза тапқандар да бар. Осы жерде өз өмірін қатерге тіккен менің әріптестерім, достарым болды. Мен оларды тастап кете алмадым. Бұл - менің міндетім. Осындай сәтте әріптестерімді тастап кетсем, туыстарым да, отбасым да түсінбейтін еді. Полиция қызметкерлерінің көмегіне үміт артқандардың алдында опасыздық жасағандай болатын едім", – дейді Калнышева.
Қарлығаш Көпбаева да Қазақстанның кез келген патриоты сияқты өз міндетін орындады деп ойлайды. 
"Халқымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен сақтап қалған бейбітшілікті ары қарай қолда ұстап қалу біздің міндетіміз болып табылады", – деді Көпбаева.
Өз міндетін абыроймен атқарып шыққан екі полицей әйелге алғыс хаттар және ақшалай сыйлық табысталды.
Жаңалықтар
0