Қоғам

Бұрынғы энергетика вице-министрі ұсталды

Жумабай Карагаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Ол бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсанынан бастап атқарды
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Энергетика вице-министрі қызметінен босатылған Жұмабай Қарағаев ұсталды, деп хабарлады қаржы мониторингі агенттігі.
"Маңғыстау облысы бойынша қаржы мониторингі агенттігі аумақтық департаментінің жедел-тергеу тобы Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевты, электрондық сауда алаңдары басшыларын және Маңғыстау облысындағы сұйытылған мұнай газының бағасын негізсіз көтеруге қатысы бар тұлғаларды ұстады", - делінген ақпаратта.
Жұмабай Қарағаевқа қатысты сот қаулысымен екі айға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу жалғасып жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жарияланбайды.
Айта кетері, бүгін энергетика вице-министрі Жұмабай Қарағаевтың қызметінен босатылғаны белгілі болды.
Ол бұл қызметті 2019 жылдың желтоқсанынан бастап атқарды.
Жаңалықтар
0