Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Тәртіпсіздіктер кезінде 117 өрт болды – министрлік

© Photo : МЧС РКПожар в здании "Нур Отан"
Пожар в здании Нур Отан - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.01.2022
Жазылу
Тәртіпсіздіктер кезінде Алматы, Шымкент қаласы мен Қызылорда облысында көп өрт болған. Жалпы елде 117 өрт тіркелді
АЛМАТЫ, 15 қаңтар – Sputnik. Қаңтардағы митинг пен одан кейінгі тәртіпсіздіктер барысында наразылық білдірушілер бірқатар қалада әкімшілік және коммерциялық ғимарат пен автокөліктерді өртеген.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, төтенше жағдай жарияланған күннен бастап ТЖМ бөлімшелері әртүрлі әкімшілік, оның ішінде мемлекеттік меншік объектілерінде, сондай-ақ тіршілікті қамтамасыз ету объектілері мен бизнес субъектілерінде болған 117 өртті сөндірді. Оның ішінде Алматы қаласында – 58, Шымкент қаласында – 14, Алматы облысында – 9, ШҚО – 3, Жамбыл облысында – 7, Қызылорда облысында 26 өрт болған.
ТЖМ қызметкерлері өрт сөндіру кезінде 30-дан астам адамды құтқарып, 115 адамды эвакуациялады.
Төтенше жағдайларды жоюға жеке құрамнан 1 300-ге жуық адам және 250 бірлік техника жұмылдырылды.
Қызметтік міндетін орындау кезінде 10 қызметкер зардап шекті.  Оның ішінде 1 қызметкерге оқ тиді.  Жеке құрам қызметкерлеріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.
Өрт сөндіру кезінде жалпы 30 өрт сөндіру-құтқару техникасы қирады. Тәртіп бұзушылар 7 техниканы айдап әкетіп, оның бесеуін өртеп жіберген. Тағы 25 техника қирады.
Қазіргі уақытта 21 техника қалпына келтірілді, қалғаны іске жарамсыз болып қалды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе облысының әкімі кабинетінің бүтін қалғанын тылсым күшке балап отыр
Жаңалықтар
0