https://sputnik.kz/20220115/Toqaev-tapsyrma-berdi-19149509.html
Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді
Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді
Sputnik Қазақстан
Жиында қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға баса мән берілді 15.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-15T13:22+0500
2022-01-15T13:22+0500
2022-02-01T13:05+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112389_0:0:3161:1779_1920x0_80_0_0_ad5226744b8cbd0ec53ff862c22e7c6c.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды.Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты.Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшылығы мен қауіпсіздік кеңесінің аппараты қатысты.Оқи отырыңыз: Бейбіт демонстрацияға қатысушылар жауапкершілікке тартылмауы керек – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/01/0b/19112389_28:0:2757:2047_1920x0_80_0_0_0576ee5c814631604e3d161b0c12590c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев
Тоқаев күштік құрылымдардың басшыларына тапсырма берді
13:22 15.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жиында қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға баса мән берілді
НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өкілетті органдар басшыларының кеңесі өтті, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Мемлекет басшысына қаңтар айының бірінші онкүндігінде еліміздің бірқатар өңірінде болған оқиғалар бойынша сотқа дейінгі алдын ала тергеу амалдарының барысы, сондай-ақ арнайы жүргізілген операциялардың нәтижелері, елімізде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы баяндалды.
Кеңес қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырмалар берді. Қазақстанда, соның ішінде Алматыда болған қайғылы жағдайларды жан-жақты зерттеу мәселесіне, қаза болған бейбіт тұрғындардың нақты санын анықтауға, қиын-қыстау кездерде күштік құрылымдардың іс-қимылдарын үйлестірудің жаңа нормативтік базасын әзірлеуге баса мән берілді.
"Қасым-Жомарт Тоқаев қауіпсіздік кеңесінің хатшысына арнаулы операциялар күштерін жасақтау жұмыстарын жеделдетуді және ұлттық қауіпсіздік жүйесін қайта құру жөнінде нақты ұсыныс беруді тапсырды", - делінген хабарламада.
Президент лаңкестікке қарсы операциялар мен тергеу шараларын жүргізу барысында азаматтар құқығының бұзылуына жол бермеудің маңызды екенін айтты.
Жиынға Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің бірінші басшылары, сондай-ақ президент әкімшілігінің басшылығы мен қауіпсіздік кеңесінің аппараты қатысты.